Кәсіпкерлікті қолдау бағыттары айтылды Түркістан облысына қарасты Түлкбас ауданы ауыл шаруашылығы жақсы дамып келеді. Ауданда соңғы әлетте шағын кәсіпкерлік те дамып келеді. Соған орай жаңадан жұмыс орындары құрылуда. Жуырда аудан әкімі Нұрлан Байғұттың халық алдындағы кезекті есептік кездесуі Ақбиік және Рысқұлов ауылдық округтерінде жалғасын тапты. Аудан әкімі экономиканы көтерудегі басым бағыттарды түсіндіріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тың реформаларды кеңінен тарқатып берді. Қысқаша өткен есептік кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, бүгінгі таңда іске асып жатқан жобаларды атап өтті. Кәсіпкерлікті қолдау бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ, аудан басшысы есептік жиындарда көтерілген барлық мәселе орындалғанша бақылауда тұратындығын жеткізіп, бірінші кезекте кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге басымдық берілетінің ескертті. Жалпы өткен есептік кездесулерде Ақбиік ауылдық округінде тұрғындар тарапынан 10 мәселе көтерілген болса, соның 1-і орындалып (Сарытөр ауылының электр қуатын арттыру), қалғаны қаржы мен уақыт қажеттілігіне қарай алдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. Т. Рысқұлов ауылдық округінде 9 мәселе көтерілген болса, соның бүгінгі таңда кезек күттірмейтін 1 мәселесі өз шешімін тауып отыр (ескірген электр бағаналарын ауыстыру). Қалған алдағы жылы мәселенің өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетін болатын. Сонымен қатар, биылғы жылы қос округте өзекті болып келген медициналық тірек мәселесі де жыл соңына дейін шешімін таппақ. Ақбиік және Шұқырбұлақ елді мекендеріне заманауи фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы іске асуда. Нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұжан кейін аудан әкімінің халық алдындағы есептік кездесуі Кемербастау ауылдық округінде жалғасын тапты. Төрт жарым мыңнан астам тұрғыны бар округте осы есепті кезеңге дейін көтеріліп келген Майлыкент ауылының көшелерін орташа жөндеуден өткізу, Елтай ауылына қарасты Кенжебаев көшесін тегістеп, тас төсеу және Жәрімбетов ауылына қосымша су ұнғымасын қазып, мұнара және трансформатор орнату жұмыстары жүргізілді. Басқосуда аудан әкімі өткен есептік кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталды. Басым бөлігі сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде тұрғындар көкейлерінде жүрген медицина жол қауіпсіздігі және интернет мәселесі бойынша өтініш-ұсыныстарын білдірді. Көтерілген барлық мәселе алдағы жұмыс жоспарына енгізіліп, салалық бөлімдер мен мекемелер тарапынан тиісті шаралар атқарылатының аудан басшысы жеткізді.