Табиғи шырын – жанға дәру Түркістан облысында бүгінде табиғи шырын шығаратын өндіріс орындары жетерлік. Консерванты көп шетелдік өнімден көрі табиғи сығымдалған, жергілікті өнімді тұтынатындар қатары артып келеді. Биыл сусын бағасының тым қымбат болуымен ерекшеленіп тұр. Ал жергілікті өнім өндірушілер бағаны ұстап тұр. Бұл тұрақты тұтынушылардың пайдасына шешілуде. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында жеміс-жидектерді өңдеумен айналысатын «Көрік ШС» ЖШС-нің өнімдері бүгінде аса сұранысқа ие. Ауданның экономикасын өркендетуге өкірте үлес қосып отырған компанияға жергілікті билік барлық жағдайын жасап берді. Жауапты органдар толық коммуникациялары бар жер телімдерін бөлді. Соған сай бүгінде көріктіктер сапасы жоғары өнім өндіріп, ауданға мол пайдасын тигізіп отыр. Мұнда жұмыс істейтіндердің барлығы да жергілікті тұрғындар. Аудан әкімдігіне жұмыссыздық мәселесінің шешімін табуына да септгінін тигізіп отыр. Инвесторлар табиғи шырындар шығаруды және отандық тамақ өнеркәсібінде өзіндік бренд қалыптстыруды мақсат қып қойған. Аз ғана уақыт аралығында бұл мақсатқа да қол жетізбек. Өйткені өндірген өнімдері бүгінде мол сұраныс тудырып отыр. Елімізде сусындар, шырындар шығаратын ірілі-ұсақты оншақты кәсіпорын бар. Олардың өндірісі күрделі технологияларды қажет етпейді, барлығы әзірленген схемаға сәйкес жасалады. Ал көріктің шығарып отырған шырыны мүлде басқа. Тек табиғи өнімнен жасалатын, нағыз «тірі» сусын. Дәмі де өзгеше. Оны дәмін татып көргендер бірден байқайды. Тақыр жерден зауыт ашу оңай емес, әрине. «Көрік ШС» ЖШС алғашында сызбаларға сәйкес жабдық алаңға орналастырылды: өндірістік желілер, қолдау қызметтері. Содан кейін ғана олар 1000 шаршы метрді құрайтын металл конструкциялардан ғимарат құрастыра бастады. Және оған жылуды үнемдейтін сэндвич-панельдер кигізді. Шырынға қажетті таза табиғи су ұңғымасына да қол жеткізді. 2018 жылы жаңа өндіріс орны – аудандағы табиғи шырын шығаратын бірінші және әзірге жалғыз зауыт ашылды. Алма мен сәбіздің сығындысынан табиғи өнім өндіріп келеді. Өндіріс ошағы шикізатты шетелден тасып шығынданбайды. Бәрі де қол созым жерде. Биылғы жылды алма жылы деп атауға болады. Ерте көктемде жауған ар бүршік атып тұрған жеміс талдарын үсік ұрып кететін жылда. Биыл жеміс ағаштары үшін жемісті жыл болды. Биыл Қазығұрт өңірінде алма жинау рекордтық көрсеткішке жетті. Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, бақшаның әр гектарынан 40 тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда үш есеге жуық өнім алынған. Бұл дегеніңіз алып өндіріс орны шикізаттан тапшылық тартпайды деген сөз. Шырын өндіру екі кезеңге бөлінеді: престеу және құю. Шикізат жуудың бірнеше сатысынан өтеді. Оны ұсақтап, престің астына жібереді. Әр бөлімде екі оператор бар. Біреуі жоқ болса, екіншісі жұмыс орнында болуы керек. 2017 жылы алғашқы операторларды шетелдік мамандар оқытты. Зауытта қарапайым жұмысшыдан бастап, технолог, инженерге дейін бар. Жұмыс күшінің барлығы дерлік жергілікті тұрғындардан тұрады. Яғни, зауыт қазығұрттықтардың жұмыс табуына септігін тигізіп отыр. Тек алма мен сәбіз шырын ғана емес «Көрік ШС» ЖШС қызанақ пен алмұрт шырындарын да шығарады. Мұнымен ғана шектеліп қалмай жүзім шырынын шығару да қолға алынбақ. Мұнда арнайы қоймаларда шикізат сақталады. Маусым аралықта әртүрлі жемістерге басымдық беріледі. Жазда алма, жүзім шырындары шығарылса, күзге қарай сәбіз шырындары молырақ болмақ. Қазан айында зауыт елордада өткен республикалық «Алтын сапа» көрмесінде өз өнімдерін ұсынды. Шырынды ұнататындардың басым бөлігі табиғи шырындар өндірісінде «Көрік» бірінші орын алады деп есептейдді. Өйткені дәмі өзгеше өнім табиғилығымен де тартымды. Әрі ассортименттері де көп. Жемістер, жеміс қоспалары және көкөніс шырындары. Әрі сапасы да жоғары. Korik ShS өнімдері бүкіл ел бойынша сауда желілерінде сатылуда. Маркетингктік жүйе жолға қойылған. Алыс шетелдерден ұсыныстар түсіп жатыр. Маркетингтік қозғалыстар есептеледі. Келер жылы балаларға арналған бағыт әзірленуде, яғни шағын ыдыстарға құю. Ол кезде өнімнің өтімділігі де жоғарыламақ. Өйткені шырынды көбіне кішкентай балдырғандар ұнатады емес пе? Бүгінде «Көрік ШС» өндіріс орны тұрақты дамып келеді. «Қазығұрт» индустриалды аймағында қарқынды жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның бір. Шетелден келіп жатқан дабысы жер жаратын шырындар жақын арада көріктің шырындарының қасында жіп есе алмай қалатын болады. Өйткені серіктестік ең бірінші сапаға мән береді.