Жылу ұстайтын қасбет өндіреді Бүгінде құрылыс материалдары көп. Таңдауыңызға, талабыңызға қарай талайын тауып алуға болады. Теңіз асып, тау басып келген импорт өнімнен көрі өзіміздікі арзанырақ әрі сапалырақ боп келетін анық. Бүгінде жылу сақтатын қасбет сәнге ене бастады. Бұрынғыдай үйдің сыртын әктеп, не болмаса «шуба» жасап қою сәннен қалған. Бүгінгі тренд қазақы оюмен нақышталған жылы қасбеттер болып отыр. Яғни, жылулық қасбет — бұл ғимараттың қасбетіне оңай орнатылатын жылу оқшаулағыш сәндік панель. Жылу қасбеті жылу оқшаулау және қасбетті безендіру функцияларын орындайды. Энергияны үнемдеуге маманданған компаниялардың соңғы әзірлемелері бізге үйлеріміздің қабырғаларын оқшаулау үшін термиялық қасбеттік панельдерді пайдалануға мүмкіндік берді. Көптеген жағдайларда мұндай панельдер үшін материал ретінде көбік бетоны, кеңейтілген полистирол және полиуретанды көбік қолданылады. Бұл материалдар төмен жылу өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, бұл сіздің үйіңізге жылу шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, нәтижесінде сіз табиғи газды жылыту мақсатында пайдалану кезінде үнемдейсіз. Көшеден бөгде шудың үйіңізге кіруіне жол бермейтін үйдің тамаша дыбыс оқшаулауы; Жеке құрылыс жобаларын жасау мүмкіндігі. Декордың әртүрлі нұсқалары сыртқы қабырғалардағы бар ақауларды жасыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ қажетті бөлшектерді баса көрсетеді; Қабырғалардың қатып қалуы, сондай-ақ конденсация болмайды. Өз қолыңызбен жылытуға арналған қасбеттік панельдер тез және оңай орнатылады, сонымен қатар жоғары білікті жұмысшыларды қажет етпейді. Панельдерді орнату қосымша іргетас орнатуды қажет етпейді, себебі панельдер бекітуге байланысты өзін-өзі ұстайды; Қызмет ету мерзімі елу жылдан астам. Қазіргі таңда осы жаңа кәсіп түрімен Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында шығарылуда. Бұл жаңа кәсіпорын аудан тұрғындарының көңілінен шығып, жастарды жұмыспен қамтып, жұмыссыз азаматтар санын азайтып отыр. Сапалы өнім сұранысқа ие болып келеді. Жылу ұстайтын, әрі әсем, әрі тиімді бағада ұсынылатын өнімнің тұтынушылары да аз емес. Бүгінде көршілес аудан, облыс тұрғындары да сұранысты арттырып отыр. Түркістан қаласында 2022 жылы тамыз айында өткен Қазақстан «Үздік тауарлары-2022» атты көрмесіне қатысып, көрме қорытындысында кәсіпкер ЖК «Берік» марапатқа ие болған болатын. Тауары сапалы болған соң осындай марапат иеленді. Алдағы уақытта серіктестік басшысы өндіріс ошағының қуатын арттыруды мақсат етіп отыр.