Бүгінде Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында ерекше кәсіп түрімен айналысатын кәсіпкерлер қатары артып келеді. Тұрмысқа қажетті қарапайым ғана заттарды шығарып, ел қажетін өтеп отырғандары бар. Желдеткіш жүйелеріне қажетті заттарды ауданның тұрғындарына күнделікті тұрмысқа қажетті қалайыдан жасалынған заттарды шығарумен жеке кәсіпкер «Роза» айналысады. Өндірісінде металл қоршаулар, қасбеттер және шатыр жабындары бар. Олар берік, тасымалдауға оңай, эстетикалық және орнату оңай. Мырыш немесе полимер жабыны бар заманауи болат парақтар коррозияға және жоғары жел жүктемелеріне қарсы тұрады. Көлденең, тік және көлбеу беттерде қолданылады. Тұтынушылары құрылыс компаниялары, дүкендер, жабдықтау ұйымдары және жеке сатып алушылар. Заттарды шығару үшін кәсіби біліктілік, шеберлікті қажет етеді, соның нәтижесінде жасалынған дүние халықтың көңілінен шығып, және де сапасы бағасына сай болғандықтан сұранысқа ие болып отыр. Кәсіпкердің жасаған еңбектері мен заттарымен Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасының мамандары Жетісай аудандық филиалы кездесіп, танысып қайтты. Кездесу барысында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп жатқанына дән риза болып, Жетісай ауданының азаматтарына жаңа кәсіп ашып, елдің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.