Көшетке деген сұраныс та мол… Түркістан облысында жылыжай кешендерінің көптігімен көш бастап тұр. Басым бөлігі қызанақ, қияр өсіреді. Ал енді кейбірі көшет өсіріп, өндірумен айналысады. Олардың өнімдеріне сұраныс өте мол. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы «Тұрбат» ауылдық округінде орналасқан «Сайдусман ата» шаруа қожалығы биыл көшет өндіруден аудан бойынша ғана емес, облыс бойынша да алдыңғы орында тұр. Аталған кооператив 3 гектар жылыжайда көкөніс өнімдерін өсіріп, бау-бақша көшеттерін дайындаумен айналысып келеді. Жы он екі ай бойы жұмысы тоқтамайтын шаруашылықта өнім өндіру ісі де жолға қойылған. 2012 жылы құрылған қожалыққа жеті бірдей отбасы мүшелік етеді. Шаруашылық төрағасы Сайдалы Тұрсынов жобаны бастауға жеке қаражатынан 45 миллион теңге жұмсаған. «Сайдусман ата» шаруа қожалығы жыл сайын 1,5 – 2 миллион түпке дейін көшет өндіріп отыр. Аз ғана аумақтан бастап, бүгінде көшеттерін облыс көлемінде сатып отыр. Бірінші маусымда 2,5 гектар жылыжайға қызанақ егіп, 210 тонна өнім алса, екінші маусымда сол орынға қияр егіп, 140 тонна өнім жинаған. Өндірген өнімге деген сұраныс Астана, Алматы қалаларынан бөлек, Ресейден түсіп жатыр, – деді Сайдалы Тұрсынов. Кәсіптің көзін тапқан шаруа ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешуе де септгігі тигізіп отыр. Бүгінгі күні мұнда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 50-ден астам адам маусымдық жұмыстарға тартылады. Орташа айлық жалақылары да қалтаға қонымды. Жұмысшыларға барынша жағдай жасалған. Бір ғана іспен шектеліп қалуды хош көрмейтін шаруашылық иесі алдағы уақытта мал бордақылау алаңы мен интенцивті баумен айналысуды жоспарлап отыр. Тиімді бизнес түрі туралы бүгінде зерделеп жүр. Әлі де үйренері көп. Егер жоспары жүзеге асса онда біраз адамды жұмыспен қамтымақ.