Экономика Жер комиссияда қаралып ортақ пайдалануға беру үшін оң қортындысы берілді Редактор 12.11.2022 5984 1 оқу мин Жер комиссияда қаралып ортақ пайдалануға беру үшін оң қортындысы берілді Түркістан облысына қарасты Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Жүзімдік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында өткен кездесуде ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендердің инфрақұрылым жүйелерімен қамтылуы, ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға көрсетіліп жатқан қолдауларды да айтып өтті. Осы қамқорлықтың арқасында бүгінде кәсіпкерлер қатары артып келе жатқанын тілге тиек етті. Бұдан кейін аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдарға жауап беріп өтті. Биыл Жүзімдік ауылдық округінің Бірлесу елді мекені толықтай жаңа электр желілерімен қамтылды. Жоспарлы жұмыстар жалғасып, келесі жылы Ақсу елді мекеніндегі электр бағаналарын жаңарту бағытында қажетті шаралар атқарылуда. Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-сы тарапынан инвесторлық жоба бағдарламасы аясында 2023 жылы Жүзімдік елді мекенінің 3,5 шақырым электр желілері толығымен жаңартылатын болады. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі ауылшаруашылығы саласында еңбектенгендіктен ағын су мәселесі өзектілігін жоғалтпаған. Аталған мәселені шешу бағытында биыл Ащысай каналының 17 шақырымын тазалауға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, механикалық тазалаудан өтті. Ағымдағы жылда Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, халықтың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жерге деген мұқтажын қанағаттандыру үшін Жүзімдік ауылдық округі аумағында орналасқан 143 гектар жайылым жер уаскесін ауыл тұрғындарымен біргелікте пайдалану мақсатында жер пайдаланушы азаматтармен үшжақты келісім шарт түзілді. Бұдан бөлек, ауылдық округ аумағында орналасқан жайылым жер учаскесін алдағы уақытта ортақ пайдаланудағы мал жайылым құрамына енгізу үшін аудан әкімдігі жанындағы Жер комиссиясында аталған мәселе қаралып Жүзімдік ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне тұрақты пайдалану үшін оң қортындысы берілген. Нәтижесінде көлемі 1 650 гектар болатын жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы жасалынды. Осы бағыттағы жұмыстар бойынша пайдалану мерзімі өткен 100 гектар жайылым жер учаскесі ауданы әкімідігі жанындағы Жер комиссиясында қаралып ортақ пайдалануға беру үшін оң қортындысы берілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 21.11.2024 1098 ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ДЕМАЛУШЫНЫ ҚАБЫЛДАЙТЫН ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.11.2024 59578 ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМҒА АЛПАУЫТ КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМҒА АЛПАУЫТ КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР 31.10.2024 95461