Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді Бүгінде Түркістан облыстық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті E-tutynushy.kz бірыңғай ақпараттық платформасы туралы ақпараттық бағыттағы түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда. E-tutynushy.kz бірыңғай ақпараттық платформасы тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарастыру процесін автоматтандыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейлерінде оларды жүйеге келтіруге және есепке алуға арналған. ⠀ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 6-3-бабының 3-тармағына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы тұтынушылардың өтініштерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейінде қарауды: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар), ойын бастамашылары (ұйымдастырушылары),и тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар), заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын және заң көмегін көрсететін заң консультанттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тұлғалар, тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері, уәкілетті орган, мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді. ⠀ Мемлекеттік органдар мен тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері тұтынушылардың қаралған өтініштерінің нәтижелері, сондай-ақ оларды қараудан бас тарту себептері туралы барлық ақпаратты Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.