Жаздың ыстық күндерінде сусын мен балмұздақтың саудасы қызады емес пе? Аптап ыстықтан шөл қысқанда мұздай балмұздақтан дәм тату қандай! Биылғы жаз маусымы да күнгейліктер үшін аптап ыстығымен есте қалды. Сондай күндердің бірінде дүкенге балмұздақ алуға кірдім. Сан алуан көздің жауын алатын қаптамаларға оралған балмұздақтан көз сүрінеді. Ішінде ерекшелігімен біреуі назарды аударды. «Бөрте» деген әдемі атауынан ақ атақты брендтің өнімі екенін ұқтық. Бұрын сүт өнімдерін, құртын ұнатып жейтінбіз. Енді балмұздақ шығара бастаған екен. Сонымен сапалы өнім өндіруде бүгінде күнгейде көш басында тұрған компанияның балмұздағынан дәм татпақты мақсат тұттық. Үмітіміз алдамапты. Өзге өнімдері сияқты балмұздағы да сапалы, дәмі балдай, аузыңда еріп тұр. Келесі жолы тек «Бөртенің» балмұздағын тұтынамын деген ойға бекіндім. Алдын «Бөртенің» құртын алып жейтінбіз. Дүкенге түскен сәтте ақ таусылып кететін-ді. Екі-үш дүкенді аралап жүріп, әзер табатын құрты балғын, жұмсақ, дәмі де ерекше. Ал балмұздағы тіптен тамаша екен. Бүгінде дүкендерде балмұздақтардың сан алуан түрі бар. Бірақ ерекше дәмімен, қаптамасының ерек дизайнымен «Бөртенің» балмұздағы бірден көз тартады. Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы сүт өңдейтін «Бөрте Милка» серіктестігінің жаңа өнімдері сауда сөрелерінен көрінді. Кәсіпорында кілегейлі балмұздақ былтыр шығарыла бастаса, дәл осы маусымда оны көптеп шығара бастады. Әзірге тек Шымкент базарларында ғана сатылуда. Ол таза табиғи сүттен жасалған әрі дәмі де ерекше. Әрі отандық өнім. Бұрын Леңгірдің балмұздағын сүйсініп жейтінбіз. Енді оған бөртенің балмұздағы қосылды. Жастың да, жасамыстың да сүйікті тәттісіне бүгінде сұраныс көп. Тіпті кейбіреулер ойлайтындай тек маусымдық өнім емес, суық мезгілде де суық та тәтті өнімнің тұтрынушылары табылады екен. Ғалымдар осы уақытқа дейін балмұздақтың пайдасын зерттеп, зерделеп қойған. Тәтті өнім жүйке жүйесін тыныштаныдырып, шаршаңқылықты басатын көрінеді. Ғалымдар балмұздақтың құрамына кіретін L-триптофан заты тіпті ұйқысыздықты жеңуге көмектесетінін атап өтті. Сапалы балмұздақ жеу арықтауға және сүйектерді нығайтуға, майларды ерітуге, қан қысымын қалыпқа келтіруге, бүйрек тастарының пайда болуына жол бермеуге және ағзаның иммундық жүйесін нығайтуға ықпал ететінін зерттеулер анық көрсетті. Оны пайдалылығынан көрі тәттілігіне бола тұтынатындар көп екендігі белгілі. Сүт өңдеумен, сүт өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорын балмұздақ шығару, шығармау жағын ұзақ ойланыпты. Серіктестіктің бас директоры Б.Әбішевтің айтуынша, қажетті құрал жабдық Түркиядан сатып алынған. Сыйымдылығы — тәулігіне 500 келіге дейін. Екі қаптамаға оралады бірі вафельді екеншісі қағаз қаптамада. Сыртқы қаптамасына да баса мән берілген. Ерекше дизайнмен жасалған. Дәмі — ванильді, шоколадты және құлпынай. Алдағы уақытта балмұздақтың басқа да түрлерін шығару жоспарлары бар. Сұраныс өте жақсы. Дәл осы нарықта «ойыншы» көп болғандығына қарамастан сапалы әрі дәмі ерек балмұздақ тұтыншыларын тез ақ тапқан. «Біздің компания сапаға, экологиялық тазалыққа және артықшылықтарға сүйенеді, өнімдердің жарамдылық мерзімін ұзарту үшін консерванттар мен қоспаларды пайдаланбайды, — дейді компания басшысы Б.Әбішев. — Табиғи сүттің дәмі мен құрамы өзгеріссіз қалады. Өнім ассортиментінде барлығы 20-ға жуық өнім түрі бар: қаймақ, пастерленген сүт, айран, сүзбе, құрт, йогурт. Бәрі де сұранысқа ие. Соңғы әлетте тұрғындардың отандық өнімді қолдауға деген құлшынысы зор. Біз содан шабыт аламыз. Тұрақты тұтынушыларымызды қуантқымыз келеді. Сол үшін де басты ұстанымымыз сапа болмақ. Алдағы уақытта шығарылатын өнімдердің қатарын тағы да арттыру жоспары бар». Бүгінде Түркістан облысында сүт өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорындар жетерлік. Соған қарамастан компания дәл осы салаға қорықпай қадам басты. Әрі аз ғана уақыт аралығында дәмі, сапасы жағынан біраз бәсекелестерінен басып озды. Қаймағы, ірімшігі, сүті, құрты, балмұздағы бәрі бәрі де жоғары сапалылығымен тұтынушы көңілінен шыққан. Дүкенге бас сұққан адам алдымен бөртенің өнімдерін сұрайды. Құртын іздеп жүріп сүйсіне жейтіндер көп. Ия, отандық өнім дегенде ұялмай көрсететіндей осындай өнімдеріміз көбейе берсе екен деп тілейміз. Бөртенің өнімдері бұл жағынан келгенде қамшы салдырмайды.