Жергілікті агрокәсіпорын өнімдері Доха қаласында өтіп жатқан «Агротех Катар-2023» халықаралық көрмесіне қойылды. Наурыздың 19-на дейін жалғасатын халықаралық шараға әлемнің 52 елінен делегациялар шақырылған. Шымкент тауарларына арнайы бөлінген «Ontustik onim» павильонында ет, сүт, ұн өнімдерімен қатар, сусындар, консервілер, көкөністер мен жеміс-жидектер саудалануда. Шетелдіктер әсіресе, бал, джем, сыр өнімдеріне қызығушылық танытып, жаппай сатып алуда. Шымкенттік делегация шет мемлекеттермен әріптестік байланысты нығайту, қаланың экспорттық әлеуетін арттыру, инвестиция тарту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында мегаполистің агро саласындағы мүмкіндіктерін таныстыруда.