Экономика ТҮРІК КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА МЫРЫШ ЗАУЫТЫН АШУҒА НИЕТТІ Редактор 28.03.2023 5301 1 оқу мин Түркияның инвесторлары зауыт ашу туралы ұсыныспен келді. Түрік инвесторларымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кездесті. «Джейланд Холдинг» компаниясының басшылары Түркістан облысының аумағында мырыш зауытын ашуға ниетті. Шетелдік компания жаңа жобаға 40 млн. АҚШ долларын жұмсауға қауқарлы. Тараптар жаңа жобаға қатысты сұрақтарды талқылады. Жаңа кәсіпорын Түркістан еркін экономикалық аймағының аумағына кіреді. «Түркия мен Түркістанды ежелгі тарихи тамырлар мен рухани көзқарастар байланыстырады. Түркия – еліміздің маңызды, стратегиялық және сенімді серіктесі. Түркістанды дамытудағы қазақ-түрік ынтымақтастығының маңыздылығы белгілі. Біздің қалада халықаралық әуежай мен басқа да маңызды нысандардың құрылысына түрік компаниялары қатысқан. Алда тағы да ірі жобаларды қолға алуға атсалысамыз, – деді облыс әкімі. Айта кетейік, Түркістан облысында түрік инвестицияларының қатысуымен 50-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асқан. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 27.11.2024 4408 САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 8790 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 7631