Экономика МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ТІГІН ӨНДІРІСІНІҢ ЗАМАНАУИ КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫН МЕҢГЕРЕДІ Редактор 02.04.2023 7085 1 оқу мин Ақтау қалалық Оқушылар орталығында 6-11 сынып оқушыларына арналған білім беру үдерісіне тігін өндірісін оқытудың цифрлық бағдарламасы енгізілді. 30-ға жуық қыз балалар енді модельдеуді үйренетін болады. Маңғыстау облысы білім басқармасының хабарлауынша, оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытып, озық технологиялармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Ол үшін үйірме жұмысына әлеуметтік серіктестер жобалауды автоматтандыру жүйесі мен 3D – манекен бағдарламаларын ұсынып отыр. Енді 6-11 сынып оқушылары цифрлық жүйеде моделдеуді меңгереді. «Тігін өндірісінің цифрлық технологияларын бұрын тек жоғары оқу орындары мен колледж студенттері ғана оқитын, енді мектеп оқушылары 3D манекенімен киімді компьютер арқылы модельдеу үйірмесінде автоматтандырылған жобалау жүйесін үйреніп, өз жұмыстарын 3D манекенмен өлшеп көреді. Үйірме тегін және бұл алғаш жүзеге асып отыр», — дейді орталық директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Алмагүл Кәрімова. Айта кетейік, оқушылардың үйірмеде жасаған жұмыстары «Цифрлы модольер» құзыреттілігі бойынша «JuniorSkills» қалалық чемпионатында көрсетіледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 37601 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 55700 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 68890