Биыл Шымкентте қала күні мерекесіне орай 7 күн – жәрмеңке ұйымдастырылатын болды. Тұрғындар Орталық «Қажымұқан» атындағы стадионында бір апта бойы ауылшаруашылығы өнімдерін арзан бағада сатып ала алады. Бұл жолы базар бағасынан әлдеқайда төмен болмақ. Әр ауданнан келген сатушыларға да тиімді жағы қарастырылған. Олар үшін жайлы орындар бар. Ал осында келіп өз өнімдерін саудалағаны үшін ешқандай салық салынбайды. Әрі жәрмеңкеге әкелінген әр тауар сапасы қатаң қадағалауда болады. Жәрмеңкенің алғашқы күні Ордабасы мен Түркістан дихандары жұртшылыққа өз өнімдерін ұсынды. Бал татыған қауын, қарбыз да, ет, сүт өнімдері, шұжық та осы жәрмеңкеде. Алушылар да, сатушылар да риза. Тұрғындар осындай арзан жәрмеңке ұйымдастырғаны үшін қала билігіне ризашылықтарын жаудырды. Ауылшаруашылығы жәрмеңкесінде апта бойы екі ауданнан өз өнімдерін ұсынатын болады. Бүгінде әр ауданда түрлі тағам түрлерін өндіретін кәсіпорындар бар. Осы жәрмеңкеге 97 кәсіпкер мен 10-нан астам компания қатысуға ниет білдіріпті. Қыркүйек айының 17 –і мен 24 –і аралығында болатын жәрмеңкеге асығыңыздар, ағайын!