Үкімет соңғы жыл¬да¬ры халықтың әл-ау¬қа¬тын, білімі мен ден¬саулық жағдайын жақсартуға бағыт¬тал¬ған бірқатар ма¬қ¬сатты бағ¬дар¬ла¬ма¬лар¬ды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның маңызды бірі ауыз су мәселесі болып табылады. Мұның бәрі су ресурстарын дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың жемісі болып саналады. Мыңдаған шақырып су құбырлары жөндеуден өткізілуде. Соның арқасында ауылдағы, елді мекендегі көпшілік сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аудан, қалаларды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасуда. Сарыағаш ауданында да арнайы жоспар жасалған. Сарыағаш ауданының әкімі Қапланбек ауылдық округінде болып, Ақниет, Қанағат, Жонарық елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, Ақниет елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су қоймасының құрылыс жұмыстарының жағдайымен танысты. Жүргізілген жұмыстардың сапасын тексерді. Сарыағаш ауданының басшысы Арман Абдуллаев елді мекендердегі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысып жүргені белгілі. Көп жағдайда мердігерлер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тұрғындардың сын-ескертпелер айтылып жатады. Сондықтан елдің игілігіне бағытталған істер сапалы әрі өз уақытында жүргізілуі тиіс. Бүгінгі күнге дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай отырып, жауапты мердігер мекеме басшысына алдағы уақытта құрылыс жұмыстарының барысын арнайы өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді. Айта кетсек, Қапланбек ауылдық округіне қарасты Ақниет, Жонарық және Қанағат елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жолындағы құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 878 тұрғын үй, яғни үш елді мекеннің 7 мыңнан аса тұрғындарын таза ауыз сумен қамту жоспарлануда.