Экономика Су ресурстарын дамытудың маңызы зор Редактор 14.04.2023 3926 1 оқу мин Елімізде сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен оған жөндеу жүргізу жұмыстары қайта жанданып, бағдарлама ел игілігіне жұмыс істей бастады. Өңірлердегі жергілікті әкімдіктерге жаңа міндеттер жүктеліп, нәтижесінде, айналасы үш-төрт жылдың ішінде біраз шаруа атқарылды. Түркістан облысында шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету, суармалы алқаптардың тиімділігін арттыру бағытында жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Бұл су ресурстарын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорын Түркістан филиалы тарапынан Түлкібас ауданындағы «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі каналдарға механикалық тазалу жұмыстары және каналдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынды. Түлкібас ауданы өңірдегі ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған аудандардың бірі. Сондықтан да мұнда су ресурстарын дамытудың маңызы зор. Түлкібаста жалпы саны 572 шақырымды құрайтын 111 су нысаны бар. Суармалы жер көлемі – 16832 га. Биыл ағын су лимиті – 43 856 мың м3, суғарылатын жер көлемі – 4028 га. Жыланды ауылынан өтетін «Қарабастау» каналына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл каналдың жалпы ұзындығы 2 шықырымды құрайды. Оның 1.5 шақырымы механикалық тазалаудан өтті. 150 үй орналасқан аталмыш каналдың бойында тиісті техникалар жұмыс істеуде. Сондай-ақ Жаскешу ауылдық округіндегі «Шаулемес» каналының 500 метрі және 30 шаруа қожалығы орналасқан Жаскешудегі тағы бір каналдың 1 шақырым жері қоқыстан тазартылды. Осы механикалық тазалау жұмыстарына «ҚазСуШар» РМК Түркістан филиалы тенгеріміндегі техникалары тартылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 27.11.2024 2889 САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 7225 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 5979