Экономика Бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алады Редактор 17.04.2023 8489 1 оқу мин Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының нәтижесі жемісті болатын сыңайлы. Өңірде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Түркістан облысына қарасты Келес – ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуеті жоғары шекаралық аудан. Аудан тұрғындарының басты тіршілік көзі – ауыл шаруашылығы саласы. Ауданның Ұшқын ауылдық округінде орналасқан «А. ЖІГЕР-Т» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі биыл 100 гектарға қырыққабат, 40 гектарға баклажан, 20 гектарға болгар бұрышын еккен. Алдағы бір аптада қырыққабаттан алғашқы өнімін ала бастайды. Аталған кооператив өткен жылы облыс көлемінде «Бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу» жобасы бойынша «Алтын күз-2022» байқауының жеңімпазы атанған. Кооперативке 700 адамның жер үлес пайы біріктіріліп, 403 гектар жерді тиімді игеріп отыр. Кооператив төрағасы Берік Салиев биыл жобамен қырыққабаттан 400 мың тонна өнім аламыз деп жоспарлауда. Аталған кооператив екінші өнім ретінде қызанақ, болгар бұрышы мен баклажан ексе, үшінші өнімге күздік қырыққабат дәнін отырғызады. Кооперативтің ерекшелігі – егістік алқабы тамшылатып суару әдісімен суарылса, тыңайтқышқа биогумус пайдаланылады. Айта кетейік, өткен жылы ауданда алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, «Бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу» жобасы бойынша 325 жоба немесе 1 502 гектарды құрайтын егістік алқаптарға егін егілген. Сондай-ақ 89,3 мың тонна бақша және көкөніс өнімдері өндірілген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 27.11.2024 2889 САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 7225 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 5979