Бүгінгі күні Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту бас мақсаттардың бірі болып отыр. Ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы саладағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру. Елімізде ауылшаруашылығын дамыту үшін табиғи, адам ресурстары жеткілікті. Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі шамамен 4 есеге өсті. Бүгінде АӨК жалпы өнімі 4,5 трлн теңгеге жетті немесе елдің ЖІӨ-дегі үлесі – 7,8 пайызды құрайды. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығын бұдан да ары дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Түркістан облысы Түлкібас ауданы ауыл шаруашылығы жақсы дамыған аудандардың бірі. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлығы дерлік өсіріледі. Әсіресе Түлкібастың алмасы бүгінде брендке айналып үлгерді. Бұдан бөлек, ауданда соңғы әлетте балық шаруашылығы жақсы дамып келеді. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бұдан басқа «Ауыл аманаты» жобасының да берер көмегі көп болмақ. Түлкібас ауданындағы Жаскешу ауылдық округі аумағында орналасқан «Tulkibas-Fishing Resort» ЖШС форель балығын өсірумен айналысады. Онда арнайы өсірілген форель балығы жергілікті халықтың үлкен сұранысына ие. Балық шаруашылығы қазіргі таңда үлкен демалыс орнына айналып отыр. Өтімді тауар түрі бүгінде өзге өңірлерге де тасымалдануда. Сұраныс күннен күнге артып келеді. Алдағы уақытта шетелге экспорттау жоспары да бар. Бұдан бөлек, ауданда балық шаруашылығын дамытуға ден қойғандардың қатары артып келеді. Бұл өз кезегінде аудан экономикасын көтеріп, салық түсімін молайтатыны сөзсіз. Сондай-ақ, Мичурин ауылдық округі аумағындағы «Клубничный Рай» АӨК-ның құлпынай шаруашылығы да жақсы дамып келеді. Тәтті өнімнің тұтынушылары да көп. Маусымдық жинау кезінде қосымша жұмыс күші тартылады. Әрі жерде қалмайтын өнімнің сатып алушылары да көп. Балғын күйінде сатып алғаннан бөлек бүгінде тосап жасап сататын шағын цехтар да көбейіп отыр. Олар өнімнің өтімділігін өкіртеді. Шақпақ ауылдық округіндегі 210 гектарлық алма бағы «Кентау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алма сақтау қоймасының тиімділігі артып отыр. Ауданда алма өсірумен айналысатын шаруашылықтар молынан. Атағы алысқа кеткен Түлкібастың бренд алмасы сатып алушылардың да қатары көп. Бүгінде ауданда сәуір айынан бастап іске асатын 2,5 пайыздық несие «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының артықшылығы мен ерекшелігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш жоба жүзеге асқан жағдайда күтілетін нәтиже де жемісті болады деген сенім бар. Тұрар Рысқұлов ауылдық округі аумағындағы «Майлыкент Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүтті қайта өңдейтін зауыт жұмысы бүгінде қарыштап даму үстінде. Түлкібастың брендіне айналған сүт өнімдері 2012 жылдан бері нарықта. Қазіргі таңда 50-ге жуық адам тұрақты жұмыс істейді. Сондай-ақ суармалы жерлерді ұлғайту мәселесі бойынша «Құлый» магистралды каналының жөндеу жұмыстары да баста назарда тұр. С уресурстарын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар көп. 13 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екені анықталды. Мердігер мекеме жұмысты жылдам аяқтау мақсатында жұмыс атқаруда.