Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы табиғаты тамаша таулы аймақ. Мұнда ауыл шаруашылығы мықты дамыған. Аймақта агрокешенді дамытуға басты басымдық берілген. Ауданда бидай, мақсары, алма, алхоры жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлығы да өсіріледі. Түркістан облысы Төлеби ауданындағы ауылшаруашылығы саласындағы шаруалардың жай-күйі жақсы, жүзеге асып жатқан жобалар да ауқымды. Кемеқалған ауылдық округі «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативі 140 га жерге егілген қарқынды алма бауына көңіл бөліп, отырғызылған көшеттер жергілікті ауа райына тез бейімделіп, жылдам тамыр жаюда. Кәсіпкер Әсет Қайыпбеков алма өнімдерінен табиғи шырын дайындайтын цехты іске қосуды жоспарлап, қазіргі кезде жемістерді сақтайтын қойма салу ісіне кіріскен. Аудан аумағына тартылған ірі инвестициялық жобалардың бірі — Зертас ауылдық округіндегі «АйМар құс» ЖШС-нің құс фермасы болып отыр. Жоба іске асқан жағдайда 72 млн. дана жұмыртқа шығарылып, жергілікті 75 адамды тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Алғашқыда 220 мың баспен бастап, ары қарай 660 мың басқа көбейтуді көздеген инвестициялық жоба аудандағы құс шаруашылығын ілгерілетуге септігін тигізбек. Көксәйек ауылдық округі «ADS Agro» ЖШС мал бордақылау алаңы да қарқынды жұмыс атқаруда. Ондағы асыл тұқымды жылқы еттері қазіргі таңда еліміздегі ірі компанияларға жеткізіліп, сатылып жатыр. Алдағы уақытта шетелге экспортқа шығарылмақ.