Экономика Дәрілеу жұмыстары жүргізілуде Редактор 19.04.2023 9757 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Cарыағаш ауданын көкөністің отаны деуге болады. Ауыл шаруашылығын дамытуға аса қолайлы, ауа райы да көкөніс өсіруге де тиімді. Ауданда көкөністің де, ауыл шаруашылығының барлық өнімдері өсіріледі. Сарыағаштық диқандар өсірген өнімдер шетелге экспорттап жатыр. Өтімді өнімдеріне сұраныс та мол. Бүгінде агрокешенді дамыту бағытында да бірқатар ауқымды шаралар жүргізілуде. Ауылшаруашылығы өнімдерінің өсімділігін арттыру үшін де атқарылар шаруалар көп. Жуырда ғана Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінде ауыл шаруашылығы үшін аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы аудандық штаб отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Арман Айдарұлы, аудан әкімінің орынбасары Нурполат Талипов, Түркістан облысының аумақтық инспекциясының өкілі, ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты. Аталған жиын барысында аудан әкімі: «Барлығыңыз бірігіп аудан аумағындағы үйірлі шегірткелердің ошақтарына анықтау жұмыстарын жүргізіп, түбегейлі жою шараларын ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін АН-2 ұшағының көмегімен әуемен химиялық өңдеу шараларын қолданып, белгіленген уақытта дәрілеу жұмыстарын аяқтау аса маңызды», — деді. Аудан бойынша биыл аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы 23 мың 620 гектар жерді химиялық дәрілеу жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 20 мың 700 гектары дәріленді. Аталған фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мақсатында инспекция тарапынан ауданға 11 техника және 15 адам жұмылдырылған. Химиялық дәрілеуге «Локустин» және «Бантекс» препараттары қолданылуда. Аталған препараттар қазіргі таңда 95-97 пайыз биологиялық тиімділігін көрсетуде. Ала көктемнен бастап жерді баптауға көшкен шаруалар дәл қазіргі уақытта алғашқы өнімдерін жинап та үлгерді. Дәрілеуге қарсы жұмыстардан кейін өнімге өшігетін жәндіктерден келер қауіп жоқ деп отыр шаруалар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 262555 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 284811 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 290829