Түркістан облысындағы «Үлкен Келес» магистралды каналының (ҮКМК) жалпы ұзындығы 95,7 шақырымды құрайды. Бұл канал Өзбекстан Республикасының 8831 гектар және Қазақстан Республикасының Қазығұрт ауданы мен Сарыағаш ауданының 17 812 гектар көлеміндегі егістік жерлерін ағын сумен қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, «Үлкен Келес» каналы Қазығұрт ауданының Қызылқия, Қақпақ, Шарбұлақ ауылдық округтеріндегі 9414 га егістік жерлерін ағын сумен қамтамасыз етіп отыр. Қазығұрт ауданы әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы тиісті мекеме басшыларымен бірге Республикалық «Үлкен Келес» магистралды каналының және «Казығұрт су шаруашылық» МКК теңгеріміндегі Сифон Бағыс, Сифон Тассай, Р-2, Р-3, Р-4, Р-5, Р-6, Р-7, Р-8, Р-9, Р-15, Р-16 каналдарын арнайы аралап, қазіргі жағдайымен танысып, су беру науқанына дайындығын тексерді. Іссапар барысында кемшілік тұстарын көріп, тиісті мамандармен ақылдаса отырып ретке келтіру жоспарын қарастырды. Сондай-ақ, өз ұсыныстарын айтып, бақылауға алуды тапсырды.