Экономика Егістік жерді ағын сумен қамтуға қауқарлы Редактор 19.04.2023 13334 Су және жер ресурстарын тиімді пайдалануды анықтайтын суғару және дренаж мәселелері суландыру жүйесінің техникалық жағдайына тікелей байланысты болатыны белгілі. Ауыл шаруашылығы үшін ағын судың маңызы зор екендігі айқын. Сондықтан суағар каналдардың жәй күйі ұдайы бақылауда болуы тиіс. Жуырда Түркістан облысына қарасты Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев «Ақылбексай» су қоймасына барып, ондағы жағдаймен танысты. 2 000 гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді ағын сумен қамтуға қауқарлы су қоймасында бүгінгі таңда 8 млн. 200 текше метр су жиналып тұр. Аудан басшысы су қойманың мүмкіндіктері және су тастау бағытындағы түйіткілдерді жауапты мамандармен талқылай келе, аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаевқа нақты тапсырмаларды жүктеді. Жер емген, жерді түлетіп отырған дихандардың судан тарықтырмау жағын назарда ұстау қажеттігін ескертті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде алдыңғы қатардан көрініп жүрген аудан дихандары биыл да жақсы меже көрсетеміз деп отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 38295 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 56503 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 69576