Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында бүгінде көктемгі егіс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың қатысуымен аппарат мәжілісі өтті. Ордабасы аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Берік Алтынбеков бір алқаптан 2-3 рет өнім алу, көктемгі дала жұмыстарына бөлінген жанар-жағармайдың (дизель) ауыл округтер бойынша игерілу, каналдарға жүргізілген механикалық тазалау, марокко шегірткесіне қарсы жүргізілген химиялық өңдеу жұмыстары туралы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Аудан әкімі аталған жұмыстар бойынша бірқатар кемшіліктердің (майлы дақылдарды егу бойынша кейбір ауылдық округтерде жоспар толық орындалмаған, 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасы кейбір ауылдық округтерде тиісті деңгейде емес, жанар-жағармайды шаруаларға үйлестірудің механизмі жетілдіруді қажет етеді және т.б.) бар екенін айтып, оларды ретке келтіру бойынша жауапты орынбасарларына, бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Мәжіліс соңында тиісті аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшыларына, а/о әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, әр мәселенің қатаң бақылауда екендігі қатаң ескертілді.