Экономика Мақтааралдың мақтасы шетел аспақ Редактор 22.04.2023 11350 1 оқу мин Мақта өсірумен атағы алысқа кеткен мақтааралдықтар алдағы уақытта мақта егетін егістік көлемін ұлғайтуы мүмкін. Өйткені Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының мақтасына сұраныс артып отыр. Мақта-тоқыма кластерімен айналысатын өзбекстандық ең ірі компаниялардың бірі — «Global textile» компаниясы биылдан бастап Қазақстанның Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының нарығында жұмыс істеуге кірісті. Қазіргі таңда аудан әкімдігімен бірлесе отырып сапасына кепілдік берілген мақта тұқымын шаруаларға тарату, ол үшін заң аясында қажетті келісім-шарттар жасасу жұмыстарын жүргізуде. Биылдың өзінде аталған компания Мақтаарал ауданында 2-3 мың гектарға жуық жерге өзбекстандық «Сұлтан» және «Наманган» тұқым сорттарын жеткізуді және күзге қарай аталған сорттардың мақта талшығын сатып алуды жоспарлап отыр. Ауданның негізгі шаруашылығы саналатын мақта саласын дамыту және мақта талшығының бағасын тұрақтандыру үшін аудан басшылығы тарапынан инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс басшысы Д.Сатыбалдының және аудан басшылығының қолдауымен ауданымызға келген инвесторлардың бірі — осы «Global textile» компаниясы. «Global textile» компаниясы мақтаның шитінен бастап жіп иіру, мата тоқу, киім тігуге дейінгі аралықтағы кластерді толық қамтиды, қазіргі уақытта компанияның Ташкент қаласы мен Ферғана облысындағы 15-ке жуық кәсіпорындарында жалпы саны 5 мыңнан астам жұмысшы жұмыс істейді. Кәсіпорынның ендігі мақсаты — Мақтаарал ауданында 2 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын 5 ірі кәсіпорынды іске қосу. Ол үшін 2023-2027 жылдарға арналған «Global textile. Turkistan» жобасын дайындалды. Құны 45 миллион долларды құрайтын жоба аясында логистика хабы, мақтаны бастапқы өңдеу зауыты, трикотаж мақта фабрикасы, мата бояу фабрикасы және тігін фабрикалары іске қосылатын болады. Осылайша мақта кластері дамытылмақ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 27.11.2024 1898 САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 6367 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 5245