Экономика Су қоймасының ауыл шаруашылығы үшін маңызы зор Редактор 23.04.2023 19660 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы жақсы дамып келеді. Аудан көлемінде мал шаруашылығы да, жылыжай шаруашылығы, құс шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Жалпы, ауданның жер көлемі 265 561 гектарды құраса, оның 104 372 гектары жайылымдық, 75 323 гектарына егін егілген. Бүгінде аудан бойынша егістіктерге 85 канал арқылы су жеткізілуде. Соның бірі Бөген су қоймасы. Ауыл шаруашылығы үшін маңызы зор су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген. Содан бері аудан шаруаларының егіні бітік, судан тапшылық көрген емес. Жақын жылдары 14 — тік дренажды ұңғыма іске қосылған болатын. Жалпы, округ бойынша 55 ұңғыма пайдаланылуда. Келесі жылы тағы 11-і іске қосылмақ. Бұл арқылы жерасты суы тазартылып отырады. Түркістан магистральді каналында жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады. Ол үшін республикалық бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Жөндеу жұмыстары сапалы жүргізіледі. Оның басты мақсаты – суды үнемдеу. Су ресурстарын дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың бір парасы ғана. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 38423 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 56645 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 69710