Экономика Жүгері жемі жоғары сұранысқа ие Редактор 23.04.2023 32991 «Дала аруы» атанған жүгері өсімдігі бүгінде жоғары сұранысқа ие. Мал шаруашылығына аса қажетті өнімді өсіретін шаруашылықтар жетерлік. Жүгері дәні әлі күнге дейін кондитерлердің арасында ұн ретінде, одан да мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында сұранысқа ие. Өңірде теңдестірілген тамақтануды қажет ететін мал басы артып келеді. Аталмыш жем жүгеріден жасалады. Сондықтан да жүгері дәні таңдалады. Биылғы жылы болжам бойынша облыста жүгері дақылдарының егіс көлемі өткен жылдармен салыстырғанда екі мың гектарға жуық ұлғаймақ. Сәуір айының алғашқы онкүндігінде жылы күндерді таңдаған диқандар «Егіс ханшайымын» егеді. Жүгері дәніне сұраныстың артуы оны молынан егуге жол ашпақ. Мал шаруашылығымен айналысатын Ордабасы, Отырар, Арыс ауданы сүрлем дайындаумен айналысады. Былтыр 70 мың тонна сүрлем дайындалса, биыл одан кем болмайды деп күтілуде. Бірақ көп алқаптарда мақта өсірілетін облыстың оңтүстігінде де жүгері астық үшін ғана емес, топырақ құнарлығын сақтау үшін мақта ауыспалы егісінің қажетті элементі ретінде егіледі. Жүгеріден мал мен құсқа сіңімді жем дайындалуда. Күнгейде бірінші болып Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы Қалыбеков ауылдық округінде үш гектар алқапқа егілді. Енді оны күтіп, баптау жұмыстары күтіп тұр. Бағымы жақсы жүгерінің алдағы уақытта мол өнім берері сөзсіз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 38423 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 56645 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 69710