Экономика Жергілікті фермерлердің 80 пайыз шағын аумақты жерге ие Редактор 23.04.2023 8484 1 оқу мин Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы жұмыс тобы фермерлерді, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы басқармаларының қызметкерлерін СБМАЖ-да жұмыс істеуді түсіндіру және оқыту үшін өңірлерге барады. Жақында АШМ мамандары фермерлердің көпшілігі цифрланған алқаптардың дұрыс еместігіне өтініш жасаған Түркістан облысында болды. «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ жауапты қызметкерлерімен жұмыс ұйымдастырылды. Фермерлерге АШМ жақын арада биылғы жылдың соңына дейін «электрондық дала картасының» күшін уақытша жою туралы бұйрық шығаратыны түсіндірілді. Бұл аймақтың ерекшелігі — жергілікті фермерлердің шамамен 80 пайыз шағын аумақты жерге ие. Бұрын бұл учаскелер жеке тұлғаның атына — шаруа қожалығының басшысына тіркелген. Мұндай жағдайларда фермерлер субсидия ала алмайды. Тиісінше, өтінімде жер учаскесі туралы деректер жоқ. Бұл мәселе ШҚ дұрыс ресімделген жағдайда салық органдарының базасымен (БНАЖ) интеграциясы арқылы шешіледі. Қазір субсидиялауға өтінім беру бойынша қызметтер аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігімен келісім бойынша «Ашық әкімдік» кеңсесінде СБМАЖ өкілдеріне жұмыс орны берілді, олар фермерлерге жүйемен жұмыс істеу бойынша кеңес береді. Мұндай кеңселерге кіруге еш кедергі жоқ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 38423 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 56645 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 69710