Түркістан облысына қарсты Төлеби ауданы тау баурайында орналасқан, табиғаты тамаша, ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір. Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар көңіл тоғайтады. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2023 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 8 млрд 534 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,0 пайызды құрады. Негізінде 2023 жылға меже 67,9 млрд теңге, НКИ 103 пайыз болып отыр. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция өсімі меже 4 млрд 940,5 мың теңге, орындалуы 64,2 млн теңге, яғни 1,3 пайызға орындалды. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі меже 1 млрд 817,4 млн теңге, орындалуы – 203,7 млн. теңге, яғни 11,2 пайыз. Ауданда 2023 жылдың өніміне үй іргелік жерлермен қоса – 65636 гектар жерді игеру жоспарлануда. Оның ішінде: күздік бидай – 9690 га, егілгені 9690 га; 100 пайыз егілді. Жаздық бидай — 4977 га, егілгені 4977 га, 100 пайыз егілді. Ноқат -100 гектар, арпа — 7305 га, егілгені 7305 га, 100 пайыз егілді. Дәндік жүгері – 5 га; егілгені 5 га 100 % егілді. Майлы дақылдар — 10841 га, оның ішінде мақсары 10796 га, күнбағыс 45 га). Ескі жоңышқа -24569 га, жаңа жоңышқа — 4770 га; 4770 га егілгені, 100 % егілді. Картоп –1296 га, Көкөніс -1858,3 га. егілгені 87 гектар. Аудан көлемінде 31152 га жер жырту жоспарланып, бүгінгі күнге 31152 га жер жыртылып, 100 % пайызға орындалды. Ауа райының қолайлығына байланысты жұмыстар жалғасын табады. 2023 жылы болжам бойынша егілетін егіс көлеміне қажетті тұқым аудан бойынша 100 пайызға қамтылған. Оның ішінде, жаздық бидай- 4977 га, қажетті тұқым 846 тонна, қолда бары 846 тонна, яғни 100 пайыз; жаздық арпа- 7305 га, қажетті тұқым 1168 тонна, қолда бары 1168 тонна, яғни 100 пайыз, мақсары-10841 га, қажетті тұқым 431 тонна, қолда бары 431 тонна, яғни 100 пайыз, жоңышқа -4770 га, қажетті тұқым 118 тонна, қолда бары 118 тонна, яғни 100 пайыз. Егіс алқаптарын минералды тыңайтқыш (аммиак селитрасы, карбамид) үстеп қоректендіру жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімдігінің қаулысы бекітілді. Ағымдағы жылдың 20 ақпанынан бастап, өтінім қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Шаруалар тікелей «Каз Азот» ЖШС өтінім тастап құжаттарын рәсімдеуде. Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарына 2535 тонна жанармай бөлінген, оның шінде «Жанойл Продакс» ЖШС-на 2210 тонна (ақпан айына 715 тонна, наурыз айына 455 тонна, сәуір айына 650 тонна, мамыр айына 390 тонна) және «Ай Бегім» ЖШС-на 325 тонна (ақпан айына 130 тонна, наурыз айына 65 тонна, сәуір айына 65 тонна, мамыр айына 65 тонна) болып бекітілді. Жанармайдың босату бағасы 203 теңге/литр. Қазіргі кезде шаруашылықтарға ақпан айына 780 тонна (92 %) жанармай таратылды, наурыз айына 420тонна (81 %) жанармай таратылды, жанармайды тарату бойынша әлі де жұмыстар жүргізілуде. Көктемгі дала жұмыстары «Кең дала» бағдарламасы арқылы «Ырыс МҚҰ» ЖШС арқылы 6 агроқұрылым, 44,3 млн. теңге несие (5 пайыз) алып жұмыс жасауда. Ауданда көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылық техникаларының дайындығы бойынша: К-700,К701, Т-150 ауылшаруашылық техникаларының 61, МТЗ, ЮМЗ, Т-25, Т-28 540 дана, соқалар Пн -4,2 204 дана, тырмалар 341, Дән сепкіштер – 151, ДТ -75 12 барлығын қосқанда жалпы саны 1309 -ды құрайды. Олардың барлығы да көктемгі дала жұмыстарына тартылды. Ауданда ауыл шаруашылық техникаларын дайындау жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнде аудан бойынша доңғалақты 601 техниканың 567 жарамды, 204 соқаның 195 жарамды, 341 тырманың 318 жарамды, 151 дән сепкіштің 140 жарамды, 12 шынжыр табанды тракторлардың оның ішіндегі 11 жарамды.