Түркістан облысына қарасты Келес ауданында экономиканы жақсарту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын және басқа да салаларды дамыту жолдары қарастырылуда. Мемлекет басшысы өңірлерді дамыту бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды міндеттер жүктеп отыр. Осы бағытта Келес ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өнеркәсіптің нақты көлемі индексі 91,3 пайызды құраса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі көлемінің индексі 84,7 пайызды құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның көлемі 90,7 пайызға, оның ішінде ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция 85,3 пайызға, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция 84 пайызға орындалған. Сүт өндірісі 7,4 пайызға, жұмыртқа өндірісі 2,4 пайызға, ет өндірісі 1 пайызға, ірі қара мал саны 8,4 пайызға, қой саны 18,5 пайызға, жылқы басы 13,2 пайызға, құс саны 13,8 пайызға кеміген. Нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 93,1 пайызға жеткізу жоспарланған, орындалуы 88,3 пайызды құрап отыр. Алдағы уақытта ауданда өндіріс орындарын ашу, инвестиция мен аудан бюджетінің түсімдерін ұлғайту, ауыл шаруашылығын жан-жақты дамыту, жолдарды жөндеу, санитарлық тазалықты жақсарту жұмыстары ұдайы бақылауда болмақ.