Экономика Өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізудің маңыздылығы орасан зор Редактор 24.04.2023 10919 1 оқу мин Ауыл шаруашылығы өнімдеріне орасан зор зиян келтіретін шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгін Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешенінің мемлекеттік инспекциясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қаныш Исаметұлымен бірге Дарбаза және Әлімтау ауылдық округтеріне арнайы барып, ауыл шаруашылығы үшін аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының барысын бақылады. Бақылау барысына республикалық болжам орталығының басшысы Н.Кашкенов, облыстық аумақтық инспекциясының басшысы И.Бегасилов, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қатысты. Жұмыстардың барысымен танысқан Қаныш Исаметұлы: — Бұл өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізудің маңыздылығы орасан зор. Қажет болған жағдайда химиялық өңдеуге қажетті жаңа препараттар жеткізілетін болады. Жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажет – деді. Айта кетсек, аудан бойынша биыл аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы қарсы 23 мың 620 га жерді химиялық өңдеу жоспарланған. Аталған фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мақсатында инспекция тарапынан ауданға 11 техника, 1 АН-2 ұшағы және 22 адам жұмылдырылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 38513 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 56744 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 69803