Экономика Жайылым жер мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен кездесу өтті Редактор 25.04.2023 8455 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекенінен Көктерек кентіне өткізілген егістік жерлерді мал жайылымына және көкпар шабатын алаң ретінде пайдалануға алу мақсатында ауыл тұрғындары өз арыз-шағымдарын жеткізген болатын. Осыған орай бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев орын алған жағдайды бақылауға алу үшін Көктерек кентіне арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Мәселенің мән-жайын талқылап, аталған аумақты аралап көрді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Н.Кукеев, Көктерек кентінің әкімі У.Туржанова, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Аудан басшысы ауыл тұрғындарына аталған жер иеленушілеріне шығарылған қаулылар бойынша заң аясында зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 10 күн ішінде бір шешімін айтатынын жеткізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 4144 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 485330 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 504305