Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралып, ол бойынша салалық бөлім басшылары баяндама жасады. Ауданның 2023 жылғы І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов баяндады. Ауданның бас экономистінің баяндамасында көрсетілгендей, 2023 жылдың 3 айының кіріс бөлігі нақты 847 млн теңгені құраса, қаржы игеру жоспары 100 пайызды құрайды. Өнеркәсіп саласы негізінде 9 млрд 001 млн теңгенің өнімі өндірілген. Кәсіпкерлікті қолдау картасы бағдарламасы шеңберінде жұмыстар жүргізіліп, бюджет есебінен 393 млн теңге, кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың өз қаржысы есебінен 2 млрд 251 млн теңге инвестиция тартылған. Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі көрсеткіштер: егістік жерді әртараптандыру, 1 алқаптан 2-3 өнім алу, тамшылатып суғару, қарқынды бау егу, ауылшаруашылық техникаларын жаңалау, жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау бойынша белгіленген меже бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал, 1000 бастан жоғары бордақылау алаңдарын ашу, 200 бастан жоғары сүт тауарлы фермасын іске қосу, 5000 бастан жоғары отбасылық құс фермаларын ашып, ауыл шаруашылығы кооперацияларын құру бағытындағы жобаларды жүзеге асыру үшін келіс-сөздер жүргізілуде. Жүйелі жұмыс, нақты нәтижеліліктің дәлелі, экономикалық дамудың 14 көрсеткіші бойынша Төлеби ауданы облыс аумағындағы 17 аудан арасында бірінші орыннан көрінді. Жиын барысында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы қала, ауылдық округтерінің рейтинг көрсеткіштері бойынша әкімдерге сұрақтар қойып, жұмысты жандандыруды тапсырып, инвестиция тарту саласын жетілдіру қажеттігін айтты. Аудан аумақтарын көркейту, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы жөнінде ауданның тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Қалдыбаев хабарлады. Аудан аумағында көркейту, абаттандыру негізінде 400,9 млн теңгеге 10 нысанның құрылысы жүргізіліп, кей құрылыс жұмыстары биылғы жылы жалғасын табуда. Атап айтар болсақ, Әңгірата елді мекеніндегі аллеяны қоршау, І мөлтек ауданға түнгі жарықтандыру, бейнекамералар орнату, жолдар кеңейтіліп, аяқ жолдар салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қазіргі кезде көп қабатты тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың сыртқы қасбетін әрленіп, темір жол аумағына көркейту, сәндік ағаштар, гүлдер егілуде. Көше бойындағы мекемелердің және сквер, аллея қоршауларын және аялдамаларды бояу жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, Қапал батыр көшесіндегң егілген көшеттерге сәндік қоршап, жарнамаларық панолар орнату (Ә.Бектаев, Қапал батыр көшесіне), Ленгір-Достық тас жолын көркейту жұмыстары атқарылатын болады. Мәжіліс күн тәртібінде қаралған екінші мәселе бойынша аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойғабағаров сұрақтар қойып, егілген көшеттерді күтіп-баптау дәрілеу жұмыстарына қатысты ұсыныс-пікірін жеткізді. Қоғамдық кеңес төрағасы Бұхар Оралбеков қала аумағын көркейту бойынша атқарылған жұмыстарға оң баға беретінін, дегенмен түнгі жарықты сындыру, аркаларды бүлдіру, көше бойындағы тынығуға арналған орындықтарды бөлшекке бөліп тастау жәйттары орын алатынын, тәртіпсіздікке шақыру, бұзақыларды жауапкершілікке тарту жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.