Экономика Түркиялық тұқымның шығымы жоғары Редактор 26.04.2023 4030 1 оқу мин Бидайдың бір қауызындағы дәндерді санап, бір тоннадан қанша астық алуға болатынын болжайтын тәжірибелі диқандар сапалы тұқымның түсімі мол болатынын жақсы біледі. Өкінішке қарай, ұсақ шаруашылықтардың сапалы бірақ бағасы да соған сай тұқымды сатып алуға мүмкіндігі бола бермейді. Амал жоқ былтырғыдан қалған, болмаса арзандау тұқым алып еге береді. Дегенмен сапалы тұқым мол өнім кепілі екенін мойындау қажет-ақ. Облыстың егін шаруашылығы саласында кейінгі жылдары әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Соған орай дәнді дақылдардың бірқатар түрлері азайтылса, керісінше, өзге бір түрлері ұлғайтылған. Бұл орайда, бірінші кезекте шығымдылығы жоғары тұқымға басымдық беріледі. Өнім өндіруге қажетті тұқымдарға келсек олардың қай-қайсысы да жеткілікті. Аймақта дәнді дақылдар биыл көп егілді. Сапалы тұқым жөнінде бірер сөз… Түрік кәсіпкерлері ауыл шаруашылығында нәпақа тауып жүргендерге 1000 тонна жоғары сапалы мақта тұқымын жеткізіп берді. Тиісті уағдаластыққа Шымкентте өткен «Қазақстан Республикасындағы мақта шаруашылығын дамыту перспективалары» бизнес-форумында қол жеткізілген болатын. Түркиядан келген «PROgen» компаниясының өнімдері жоғары сапалы болып келеді. Форум барысында отандық өсімдік өсірушілерге аурулар мен зиянкестерге төзімді мақтаның жаңа түрлерін таныстырды. Кез-келген маусымдық зиянкестерден жапа шегетін өнімдерден шаруалар да шаршаған. Түрік ағайындарының өте төзімді мақта сұрыпы дихандарға өте ұнады. Әрі олар бөліп төлеу шартын да ұсынған болатын. Бұл да өте тиімді болып отыр. Қазақстан мен Түркия арасында тұқым шаруашылығын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған еді осы бизнес форум барысында. Нәтижесі де көп уақыт өтпей ақ белгілі болды. Мақтаның бес сұрыпты элиталық тұқымын «Қазагровецнаб» ЖШС-і егіс науқаны басталғалы бірінші сәуір айында Түркістан облысының мақташыларына жеткізіп берді. Жүз тоннаға жуығы Ордабасы мен Жетісай аудандарынан өтінім түсті, қалғаны Шардара, Мақтаарал аудандарына таратылады. Элиталық тұқымның бір келісінің бағасы екі мың теңге. Дегенмен оған 600 теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Түркістан облысы біздің климаттық жағдайға оңай бейімделген мақтаның түрік сорттарын көп жылдан бері егіп келеді. Осылайша өте төзімді, сапалы тұқымнан мақташылар биыл мол түсім күтіп отырған жайы бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 27.11.2024 1024 САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 5660 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 4582