Экономика Экзотикалық өнімдерді өсіріп отыр Редактор 27.04.2023 21215 Папайя немесе қауын ағашы. Экзотикалық өнімдерді шетелден арбаламай — ақ Түркістан облысынан дорбалауға болады. Тропикалық аймақтарда ғана өсетін өнімдер бүгінде Сарыағаш ауданында жайқалып өсіп тұр. «Агротур» шаруа қожалығының төрағасы Тұрсын Тасқоджаев экзотикалық өсімдіктің көшетін сәуір айында Өзбекстаннан алып келіпті. Әу баста бойы 17 сантиметр болған папайя тез жерсіндірілген. Бүгінде жеміс салып тұр. Алғашқы жемісін тез береді. Одан кейін екі ай сайын тағы өнім сала береді. Дәмі тіл үйіретін жеміс талай аурға да ем. Ас қорытуды жақсартады. Көру қабілетін және ағзананы бактериялардан қорғайды. Бауырдың жұмысын жеңілдетеді, жүрек ауруларынан қорғайды. Папайя салмақ жоғалтуға ықпал етеді, қандағы холестерин деңгейін де реттейді. Тропикалық жеміс қатерлі ісікке қарсы қасиеттерге ие. Пайдасы көп папайяны ертеңгі күні сатылымы да мол болары анық. Экзотикалық жемістерді қорықпай тәуекел етіп өсіріп отырған Тұрсын Абуллаұлы бұдан бөлек банан да өсіріп сатуда. Күнгейлік шаруалар елімізге теңіз асып, тау басып жеткізілетін банан, құрма, лимон, папайя, тіпті пальмаға дейін жерсіндіріп үлгерді. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы «Агротур» шаруа қожалығының төрағасы Тұрсын Тасқожаев жылыжай шаруашылығын өрістетіп отыр бүгінде. Көшет егіп сатумен айналысатын шаруа бүгінде бір жылыжайында арнайы тәжірибе алаңын ашқан. Мұнда экзотикалық жемістердің көшетін отырғызып, жерсіндіруде. Бүгінде жылыжайда бананның екі түрі корольдік және эквадорлық сұрыпы өсірілуде. Бір ерекшелігі 14 айда өнімі пісіп жетіледі. Бір жылда 4 рет өнім жинап алуға болады. Бір артықшылығы минереалды тыңайтқыштардың қажеті жоқ. Ауруға өте төзімді. Қазіргі уақытта банан көшеті гүлдеп жатыр. Банан екі үш айда пісіп қалады. Балалардың сүйікті асына айналған банан әрі ең өтімді өнімдердің қатарында. Жергілікті өнімнің бағасы да тиімді болары анық. Сондықтан да банан өсіріп, байлыққа кенелуге болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 38558 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 56785 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 69827