Көкөніс пен жеміс жидегімен атағы алысқа кеткен Түлкібас ауданының дихандары бүгінде қарбалас қызу тірлікке кіріскен. Бірі егіс егіп, дала төсін дүбірлетсе, енді бірі көкөніс қондыруға көшкен. Көктемнің бір күнін жылға азық қылатын епсекті шаруалар көктемгі дала жұмыстарына белсене кіріскен. Бүгінгі таңда 64 485 гектар жерге түрлі дақылдар егілді. Олар – жаздық бидай – 2525 га, арпа – 8795 га, ноқат – 200 га, жүгері – 350 га, тары – 145 га, мақсары – 10499 га, жоңышқа – 29242 га, картоп – 1200 га және көкөніс – 501 га. Жаздық бидай 10029 гектарды алып жатыр. Түркістан облыстың барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында 1532 ауыл шаруашылығы техникасы, оның ішінде 706 трактор, 138 комбайн, 417 тіркеме және басқа да қосымша техника бар.Биыл көктемгі дала жұмыстарына шаруаларды жеңілдетілген бағамен жанар-жағармаймен қамтамасыз ететін екі оператор анықталды. Бұл «Узенбаев Р.К.» ЖК. «Sanali Group» ЖШС. Түлкібас ауданына 2990 тонна жанармай бөлінді. Шаруалар үшін жеңілдетілген жанар-жағармайдың 1 литрінің құны Шымкенттен жеткізілген кезде 204 теңгені құрады. Бүгінгі таңда облыс бойынша 2210 тонна жанар-жағармай алынды. Қазіргі таңда мамыр айына бөлінген жанар-жағармай тарату жұмыстары жүргізілуде.