«Маслозавод «Turkistan» ЖШС-і Түркістан облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі әрі бірегейі. Кәсіпорын – майлы дақылдар өңдеумен айналысады, күнбағыс майын өндірудің толық циклы жүріп тұрған және шетелдік ресурстарға тәуелді емес зауыт. Компания 2022 жылы құрылған, жұмысшылар саны 50 адам. Компания жоғары сортты табиғи 100 пайыз тазартылған күнбағыс майын шығарады және сатады. Өсімдік майларының ішінде күнбағыс майы ең жақсысы болып саналады. Өйткені оның құрамында май қышқылдарының (омега-3, Омега-6 және Омега-9 қоса) жоғары пайызы бар, олар организмде синтезделмейді. Күнбағыс майы сонымен қатар жасартатын, қан айналымын жақсартатын, қан ұйығыштарының алдын алатын, қан қысымын төмендетуге көмектесетін және қабынудың алдын алатын табиғи антиоксидант Е витаминінің көзі болып табылады. Өнімдер көлемі 5 литр болатын ПЭТ бөтелкелерге құйылады, олар әр қорапта 3 бөтелкеден тұратын картон қораптарға салынады. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын 2022 жылы «Халық банкі» АҚ-тан айналым қаражатын толықтыруға жылына 21,75%-бен қаражат алды, оның 16,75%-ы «Даму» Қоры субсидиялайды. Кәсіпорын заманауи құрал-жабдықтармен және озық технологиялармен жабдықталған, соның арқасында өндірілген май адам ағзасына салауатты өмір сүруге қажетті дәрумендер мен қоректік заттарды сақтайды.