Экономика Жылына 16 мың тоннаға жуық көкөніс өндіріледі Редактор 30.04.2023 23743 1 оқу мин Түркістан облысының Сайрам ауданында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Әсіресе ауданда, жаңа технологиямен жабдықталған өнеркәсіптік жылыжайлардың саны артуда. Жылына қаншама тонна көкөніс өсіретін жылыжайлардың өнімі шетелге де экспортталуда. Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында орналасқан EcoInvest жылыжай кешенінің жалпы ауданы 21 гектарды құрайды. Қазір 11 гектар алқапта өнім өсірілуде. Оның ішінде бес гектар жерде қызанақтың алуан түрі өседі. Өнімдер жергілікті нарықтарға, еліміздің солтүстік аймақтарына және Ресейге жеткізіледі. Жылына барлығы 16 мың тоннаға жуық көкөніс өндіріледі. Өңірде жаңалан өнеркәсіп орны ашылса әрине оған ең алдымен ауыл халқы қуанады. Мұнда 200-ге жуық тұрғылықты тұрғындар жұмыспен қамтылған. Келесі жылы бұл кешенде тағы он гектар жылыжай пайдалануға берілмек. Ол кезде де қаншама адам жұмыспен қамтылмақ, Мұнда газ, су, жарық сынды инженерлік желілерден қиындық жоқ. Бәрі қолжетімді. Қыста газ азайған немесе толық сөнген жағдайда балама дизельді жылыту жүйелерін іске қосу арқылы жылыжай жұмысын жалғастыруға болады. Жылдың қай мезгілі болса да өсіріп отырған өнімнің күйіп кетпеуі үшін барлық қосымша жағдайлар қарастырылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 38650 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 57026 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 69963