Экономика Қазан айына дейін өнім береді Редактор 30.04.2023 5164 1 оқу мин Негізінде құл¬пынайға аса бір ерекше күтім¬нің қажеті жоқ. Тек тұқым¬ды жақсы таңдай білу, түбін жиі-жиі қопсыту қажет. Бұл – ыл¬ғалды сүйетін өсімдік болған¬дық¬тан уақы¬тында суарып, арам¬шөп¬терден тазартып отыру қажет. Тамшылатып сурау әдісімен құлпынай өсіру тиімді, аққан су далаға кетпей, әрбір қоршалған құлпынай көшетінің бойына ғана тамады. Құлпынайдың жас көшеттерінің өзі жылына бір¬неше рет өнім береді. Жақсы кү¬тіммен қаралған құлпынай сортына байланысты қазан айында да өнім беруі тиіс. Сондықтан да тәтті өнімге сұраныс көп. тез сатылып кетеді. Сондықтан да болар бүгінде құлпынай өсірумен айналысатындардың қатары артып келеді. Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының диқандары жылыжайда құлпынай жинауға дайындалуда. Нарықта өте сұранысқа ие бұл хош иісті жидекті жақсы көретін Сарыағаш өңірінің ауыл кәсіпкерлері көбейіп келеді. Бүгінгі таңда ауданда 271 гектардан астам құлпынай көшеттері пісіп-жетілуде. Олардың басым бөлігі «Жабай ата», «Абдурахман» және «Агро тур» шаруа қожалықтарында өсіріледі. Тағы бірнеше шаруашылықта бұл күндері құлпынай көшеттерін жаппай отырғызу жүріп жатыр. Сарыағаштық диқандар өнімін негізінен облыстың және Қазақстанның басқа да өңірлерінің нарықтарына жеткізеді, мұнда сұраныс жоғары. Сатып алушылардың басым бөлігі бүгінде құлпынайдан тосап жасап сататын болған. Ол да өтімді. Әрі сауданы өкіртетіндер де солар. Шағын цехтарда 5 литрлік ыдыстарға тосап жасап сататындардың қатары қалың. Әрі мұндай дайын өнімді сатып алуға құмбылдардың да қарасы аз емес. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 264402 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 286724 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 292992