Экономика Мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді Редактор 01.05.2023 5893 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Шардара ауданы Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін озат орындаған аудандардың қатарында. Сондай-ақ, ірі қара мал басын асылдандыру бойынша да көш басында тұр. Ауданда бүгінде 171 мал бордақылау алаңы бар. Шағын жанұялық фермерлер құру тапсырмасы 25 бірлік болып бекітілсе, жоспар 29 бірлікке орындалды. Талғат Әлімқұлов, Шардара ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: «Биыл жиналатын астықтан күздік бидай 500 гектарға егілді. Жер жырту жұмыстары 43 мың гектарға межеленіп, 50-ден астам пайызы орындалған. Былтыр көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет тарапынан 2 860 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлініп, күзгі дала жұмыстарына 3055 тоннасы үлестірілді». Республикалық және облыстық бюджет есебінен ағын суды жеткізіп беру құнын арзандатуға 25 млн-нан сатам, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауда 84,5 млн.гербицидтердің құнын арзандатуға 74,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу деңгейі де жоғары. Мал басын көбейту, мал басын асылдандыру бойынша да жүргізіліп жатқан жұмыстар ауқымды. Алдағы уақытта мал бордақылаумен айналысуға бел буғандардың қатары тағы да арта түспек. Өйткені мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қайтарымсыз грант ұтып алғандардың дені дәл осы мал шаруашылығын өрістетуге бел буып отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 264349 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 286673 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 292908