Түркістан облысының шаруалары ғылыммен де айналысады. Келестік «Мичурин» болгар бұрышының ерекше сұрыпын өсіріп отыр. Қатты ащы да емес, қатты тәтті де емес, ортадағы түрі бүгінде сатылымға шығып та үлгерді. Ащы бұрышты ұнататындар басым болар. Дегенмен асқазаны ауыратындар тағы да басқалай себебі бар адамдар ащы бұрышты пайдалана бермейді. Сондықтан да екі тарапқа да ұнамды қатты тәтті де емес, қатты ащы да емес, будандастырылған түрін өсіруді қолға алған. Ерекше дәмі бөлек болгар бұрышын енді сатылымды өкіртетіні анық. Түркістан облысына қарасты Келес ауданының тұрғыны Нұржан Умаров алғаш рет жартылай ащы және тәтті бұрыштың будандасқан түрін көшет күйінде өндіріп, одан өнім алуды қолға алған. Тұрғын бұл өнімнің атауын «Келес» деп атапты. Жиырма жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбектеніп жүрген шаруаның айтуынша, жаңа көшеттің түрі өңіріміздің климатына бейімділігі тексеріліп, тәжірибеден өткізілген. Бүгінде шаруанығ меншігінде 8 гектар аумақта орналасқан жылыжайы бар. Оның 2 гектарына көшет өсіреді. Ал қалған бөлігінде көкөністер өсіреді. Бүгінде жылыжайда 40 адам еңбек етуде. Сонымен қатар қияр, қызанақ, асқабақ секілді өнімдердің тұқымдарын будандастырып, өнімнің жаңа түрін шығаруға басымдық беріп келеді. Үнемі ізденіс үстінде жүретін шаруа тек болгар бұрышын ғана емес, басқа да көкөністеді будандастырып тәжірибе жасаудан жалыққан емес. Өзге жылыжайда уақытта қарбыз, құлпынай, қырыққабат, қияр, қызанақ көшеттері дайындалуда. Бұл өнімдерге қызығушылық танытатын шаруалар да көп. Әсіресе, көршілес Сарыағаш және Мақтаарал, Қазығұрт, Шардара аудандарының тұрғындары жиі тапсырыс беріп отырады.