Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында 2023 жылы егілетін жалпы ауыл шаруашылық дақылдарының болжамдық егіс құрылымы 103 502 гектарды құрады. Оның ішінде: дәнді және масақты дақыл 62000 га, майлы дақыл 27927 га, техникалық дақылдар 155 га, көп жылдық мал азықтық дақылдар 12365,9 га, картоп, көкөніс, бақша 1121,305 гектарды құрайды. Оның ішінде күз айларында 46,9 мың гектарға күздік бидай жоспарланса нақты 48,4 мың гектар егілді. Одан бөлек, 2023 жылғы жаздық дақылдар үшін, жоспардағы 45,2 мың гектардың барлығы толығымен аяқталып жер айдау 100 пайызға орындалды. Қазіргі таңда жаздық дақылдардың нақты егілуі: арпа (жоспар бойынша 11 164,5) нақты 11 200 га (100%), жаздық бидай (жоспар бойынша 3572 га) нақты 3600 га (100%), жаңа жоңышқа (жоспар бойынша 3722 га) нақты 3750 га (100%), мақсары (жоспар бойынша 27 875 га) нақты 27 875 га (100%), картоп (жоспар бойынша 260 га) нақты 260 га (100%) көкөніс және бақшы дақылдары (жоспар бойынша 862,7 га) нақты 862,7 га (100%) құрап отыр. Бәйдібек аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы К.Ахметовтың айтуынша «1 алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру бойынша жылдық жоспар 66,4 га жоспар болса қазіргі күнде 33 жобадан тапсырма толық 66,4 гектар орындалды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қазіргі таңда «Ырыс» микро кредиттік қаржы ұйымы арқылы жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен жалпы 36 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 382 млн теңгеге несиелендірілді». Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тапшылығын тудырмау мақсатында 2023 жылдың өніміне жалпы 24,9 гектарға қырыққабат, сәбізден жалпы 37 гектарға, пияздан жалпы 44 гектарға, картоптан жалпы 260 гектарға жәнеде 445,5 гектарға басқада көкөністер егілді. 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізіміне кіретін картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз өнімдерімен аудан тұрғындарын картоппен қамтамасыз ету -127%, пияз-243% болса сәбіз-91% бен қырыққабат — 86% ғана болып отыр. Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы жоғары. Ауданға жалпы 585 ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Оның ішінде 565 доңғалақты трактор, 20 шынжыр табанды техника.Одан бөлек 104 астық комбайны мен 445 агрегаттар бар. Қолда бар техникалардың 2023 жылға дайындығы 95% құрап отыр (2022 жылғы дайындығы 83% құраған болатын). Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 2022 жылғы жоспар 69 бірлік жаңа техника алынып 100 пайызға толық орындалды. 2023 жылға жоспарға 75 бірлік жаңа техника қойылып бүгінгі күні 19 бірлік жаңа техника алынды. 2022 жылғы көктемгі күзгі дала жұмыстарына жалпы 10 300 тонна жеңілдетілген бағадағы дизель отынына сұраныс берілді. Оның ішінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауданға 3 900 тонна. жанармай бөлінді. 2023 жылғы ақпан айына бөлінген 1473 тонна дизельді отыннан тиісінше жер көлеміне сәйкес жаңадан 11 АШТӨ алса, наурыз (875 тонна), сәуір айларында (435 тонна), жалпы 2783 тонна жанармай таратылды. Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 3900 тонна дизель отынын агроқұрылымдарға таратуға ауданнан 2 оператор «ATAMEKEN OIL» ЖШС-і мен «Simrug Trans Oil» ЖШС-і (әрқайсы 1950 тоннадан таратады) бекітілді. 2023 жылға қажетті минералды тыңайтқыштардың көлемі нақтыланып, ауылдық округтер кесіндісінде әрбір айға қажеттілігі есептеліп, салалық басқармаға аудан әкімдігінің 16.09.2022 жылғы № 643 санды хатымен сұраныс берілді. Шаруалар сұранысына сәйкес жалпы 20 230,5 тонна минералды тыңайтқыш (оның ішінде: аммиачная селитра 9 230,5 тонна, аммафос 6383,5 тонна, карбамид 4 616,5 тонна) қажет етеді.