Түркістан облысы еліміздің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында стратегиялық орны бар аймақ. Бау бақша дақылдарын өсіруге қолайлы табиғи жағдайы және жеткілікті еңбек ресурсы біздің ең басты артықшылығымыз. Мына жер пайдаланушы өз диқандарымыздың жағдайына үңіліп, қашан оларға демеу жасаймыз деген орынды сұрақ бар көкейде. Біріншіден ол саланы қаржылық сауықтандыру. Қазір ең басты проблема диқандарға көктемгі дала жұмыстарын өткізуге қаражат тауып беру. Бұл салалар жоғары технологияны және еңбек өнімділігін қажет ететін салалар болғандықтан, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Аграрлық несиелік корпорациясы бар болғаны 262 бюджеттік бағдарламаның қаржылық экономикалық негіздемесіне өзгеріс енгізсе жеткілікті. Сонда мәселе толықтай шешіледі. «Аделя» ШҚ-10 га, «Шәріп» ШҚ-5 га, «Нұр агро «ЖШС – 5 га, «Сауда ас» ЖШС – 4 га, «Таза өнім» ЖШС – 10 га және басқа да өндірістік жылыжайлардың талабы саланы және өндірісті сақтап қалу. Ішкі нарықты қорғау және импорт мәселелеріне көшсек. Қазір контрабандамен келіп жатқан арзан қызанақ пен қияр жығылғанға жұдырық болып тұр. Көрші елдерден арзан өнімдер ретінде тіркелген қызанақтар келіп жатыр. Тиісінше осы бағадан кедендік салық пен төлемдер төленеді. Контрабандамен келген көкөністер бойынша ештеңе төленбейді. Диқандар бірнеше рет осы мәселені көтерді. Бірақ мемлекеттік органдар ішкі нарықты қорғау үшін шаралар қабылдайтын болсақ баға өсіп кетеді деп қорқады. Баға өспейді. Алыпсатарлардың пайдасы азаяды. Біздің барлық көршілеріміз өз нарықтарын қорғауда. Өзбекстан кеден төлемдерін өсірді, Ресей фитосанитарлық бақылауды күшейтті, Қытай квота енгізіп жоғарғы кедендік алымдарды енгізді. Көкөніс нарығында пайданың 70% алып сатарлар қалтасына басып жатыр. Бұл өнімнің соңғы құнының өсуіне тікелей әсер етуде. Мысалы теплицадағы 500 теңгелік қияр базар сөресінде 1200-1500 теңгеден саудалануда. Диқандар егістік жерден өнімін делдалдың талабы бойынша сатады. Сортталмаған, жуылмаған тауар арзан тұрады. Өнімді жеткізіп беретін транспорт ол жоқ. Осы орайда қазір біз келесі міндеттерді қолға алуымыз қажет: дихандар көп шоғырланған жерде шамамен 50 км арақашықтықта өнімді сорттау, тазалау және қаптау орталықтарын салу қажет. Әр осындай орталық сол ауданның негізгі өнім өсіру бағытына ескеріліп салынуы қажет. Мысалы Түркістанның Ордабасы ауданы пияз өсірсе, Мақтарал ауданында ерте орамжапыраққа бағытталуы қажет. Мұндай орталықтар мемлекет тарапынан салынып тікелей дихандар қауымдастықтарына басқарылуға берілуі қажет. Негізгі талап диқандар үшін қол жетімді бағада қойма қызметін алу және барлық қосалқы төлемдерді шектеу. Нәтижесінде біз мына дихандарды алып сатарларға жем қылдырмаймыз, еңбектеніп өсірген өнімін пұлдап сатуға жағдай жасаймыз, ал қарапайым халық үшін өнімнің бағасы тұрақты және қол жетімді болады.