Түркістан облысына қарасты Келес ауданында Мемлекеттік бағдарламалар аясында төмен пайызды несиемен қамтамасыз ету бойынша жалпы құны 206,3 млн.теңгені құрайтын 41 жоба қаржыландырылды.Атап айтқанда: «Ырыс» МҚҰ» ЖШС арқылы: Көктемгі дала жұмыстары –16 жоба 77,6 млн.тг; Еңбек бағдарламасы – 6 жоба 39,2млн.тг; Қолдау бағдарламасы – 10 жоба 10,0 млн.тг; ағдарламадан тыс «Ырыс» бизнес бойынша – 9 жоба 79,5 млн.тг. 2023 жылы «Ырыс» МҚҰ» ЖШС арқылы: Көктемгі дала жұмыстары –76 жоба 409,6 млн.теңгеге қаржыландырылды. 2022-2025 жылдары жалпы 5 жоба іске асырып, 1120 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Атап айтқанда: «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС-нің директоры Садков Николай Бірлік ауылдық округі аумағында жалпы құны 524,0 млрд.теңгені құрайтын 500 гектар жылыжай кешенінің құрылысы. Қазіргі таңда Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 466 гектар жер учаскесі белініп, облыс және аудан тарапынан аталған серіктестіктің қажетті инфрақұрылым жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын жасап, энергетика және экономика министрлігінен сараптама қорытындылары алынған инфрақұрылым жүйелерінің құны 3,0 млрд,теңге. Сонымен қатар 102 га аумағына салынатын 51 га жылыжай кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасының сараптамалық қорытындысы алынып, 2023 жылы жалпы құны 34,0 млрд.теңгені құрайтын 27 га жер учаскесіне жылыжай кешенін салу жоспарлаған. «UBS KZ» ЖШС және «UBS Solar» ЖШС-нің директоры Дүйсенова Сауле Ақтөбе ауылдық округі аумағынан жалпы құны 5,6 млрд.теңгені құрайтын 50,0 гектар жер учаскесіне қуаттылығы сағатына 20 мВт электр қуатын күн сәулесінен өндіретін электрстанциясының құрылысын жүргізу жоспарланған. Жобаның құрылысын «Қызыләскер» қосалқы станциясы іске қосылғанда құрылысын бастау жоспарлануда. «Сарыагаш-QZ» ЖШС – нің директоры Шойбеков Нүркен Ақтөбе ауылдық округі аумағынан жалпы құны 120,0 млн.теңгені құрайтын «Ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру» зауытының құрылысы. Жобыны 2024 жылы іске қосып, 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 12,5 тонна ет өнімдерін өңдеу жоспарланған. Қазіргі таңда Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 6,47 гектар жер учаскесі белгіленген, жер учаскесін бөліп беру үшін кәсіперлікті қолдау картасына енгізу мақсатында Өңірлік Үйлестіру кеңесінің орырысына ұсынылды. ЖК «Умаров Нуржан» Абай ауылы аумағынан жалпы құны 200,0 млн.теңгені құрайтын сыйымдылығы 1000 танна ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойманың құрылысы. Қазіргі таңда кәсіпкердің меншігіндегі 1 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертіп, құжаттары рәсімделді. Ендігі кезекте несие алу үшін қаржы ұйымдарымен келіс сөздер жүргізілуде. «Saryagash Alpamys» ЖШС Алпамыс Батыр ауылдық округі аумағынан жалпы құны 610,0 млн.теңгені құрайтын минералды су өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысы. Қуаттылығы жылына 5,9 млн.литр. Қазіргі таңда Алпамыс батыр ауылдық округі аумағынан 4,0 гектар жер учаскесі белгіленген, жер учаскесін бөліп беру үшін кәсіперлікті қолдау картасына енгізу мақсатында Өңірлік Үйлестіру кеңесінің орырысына ұсынылуда. Жер қойнауын пайдалану аудан аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жалпы 3 рұқсат құжат алынған. Олар:ЖК «Қашқынбаев Б.Ж.» шағал, тас;«AIBI-I (АЙБИ-АЙ)» ЖШС сазды топырақ; «Айша» ЖШС құм.