Түркістан облысына қарасты Келес ауданында индустриялды аймақты құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер учаскесі бөлініп, аудан әкімдігінің қаулысы қабылданған болатын. Аталған индустриалдық аймақтың тиімділігі республикалық маңызы бар «А15» автомобиль жолының бойы; Алдағы уақытта жоспарланған айналма жолға жақындығы; «Б.Қонысбаев» кеден бекетіне жақын орналасқандығы; Көрші аудандарға (Шардара, Мақтаарал және Жетісай) жақын орналасқандығы; Жұмыс күшін тарту үшін, елді мекендерге жақындығы. Келес ауданының жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару 2023 жоспар 15,0 мың гектар белгіленген. Осы ретте жұмысшы топпен зерделеу жұмыстары жүргізіліп ауылдық округтерді жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен жайылым мәселесі шешілетін болады. Келес ауданындағы 83 е/м 57 е/м ауыз сумен қамтылған (қамтылуы 75%), 7 е/м экономикалық жағынан тиімсіз болып танылған, атап айтқанда: (Бозай а/о Тартоғай, Шолантөбе,Бірлік а/о Мәдениет, Коммунизм, Құрөзек, Жүзімдік а/о Бірлесу,Жамбыл а/о Байғабыл елді мекендері). Ал қалған 19 елді мекен қамтылмаған, оның ішінде; 2021 жылдан 2022 және 2023 жылға өтпелі 4 нысанның (5 елді мекен) құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр, атап айтқанда (Ақтөбе а/о Ынтымақ, Бозай а/о Бозай, Алпамыс батыр а/о Ақжол, Қауыншы е/м, Біртілек а/о Игілік е/м). 1 елді мекендітаза ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталады.(Жамбыл а/о Майда Бозай е/м);3 елді мекеннің сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленіп, ЖСҚ жасауға жобалаушы мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде. (Жүзімдік а/о Оңтүстік е/м, Ақтөбе а/о Г.Муратбаев, Қаратөбе е/м); 10 елді мекенге жер асты су қорын зерттеу бойынша облыстық басқармаға ұсыныс берілген (Ақтөбе а/о Жуантөбе, Ақжар, Жаңадәуір, Кеңдала, Көгерту, Құйған, Қияжол, Ескіқорған, Жүзімдік а/о Ақсу, Бірлік а/о Қосөткел е/м).