ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Өз сөзінде, «Мен жайылымдық жер мәселесіне ерекше нараз аударғым келеді. Бұл жерлер бірінші кезекте ауыл тұрғындарына қол жетімді болуы керектігін нақтылаған». Бүгінгі таңда Түркістан облысына қарасты Сауран ауданында жайлымдарды халыққа қайтару жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда, «Қол жетімді жайылым» жобасы аясында аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе іс-шаралар жоспары әзірленіп, әрбір елді мекенді жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары дайындалып, қажетті жайылым жер телімдері қайтарылуда. Бұл ретте аудан прокуратурасымен ауыл тұрғындарының ауыл маңындағы жайылымға деген мұқтаждықтарын шешу мақсатында енгізілген қадағалау актілерінің нәтижесінде Жаңа Иқан ауылдық округінде 4072,2 га/29, Майдантал ауылдық округінде 3 788,2 га/27, Жібек жолы ауылдық округінде 12 350 га /52, Оранғай ауылдық округінде 1 274 га/23, Бабайқорған ауылдық округінде 1 147 га/6, Иассы ауылдық округінде 1 022га/7, Ескі Иқан ауылдық округінде 7 935га/167, Шаға ауылдық округінде 14 853 га/103, Үшқайық ауылдық округінде 4 920га/18, Жүйнек ауылдық округінде 4 462га/38 мемлекет қорына қайтару туралы аудан әкімінің қаулысы шығып, ортақ жайылымға енгізілуде (жалпы алаңы 55 950га/471 ортақ жайылымға алынуда). Ағымдағы жылдың аяғына дейін аудан прокуратурасымен елді мекендерді жайылыммен толық қамтамасыз етуді жоспарлауда. Жайылым жер телімдерін қайтару аудан прокуратурасының ерекше бақылауына алынған.