Экономика Жеңілдетілген жанар-жағар май электронды форматқа ауыстырылды Редактор 14.05.2023 5554 1 оқу мин «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін жеңілдетілген жанар-жағар май (дизель отыны) электронды форматқа ауыстырылғандығын хабарлайды. Қағида талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері электронды түрде күзгі дала жұмыстарына дизель отынын алу үшін бірінші кезекте ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы) «Gosagro.kz» сайты арқылы ағымдағы жылдың 20 мамырына дейін сұраныс беруі қажет. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бекітілген нормаға сәйкес, әр дақылға жеке-жеке сұраныс беруі тиіс. Осыған байланысты, Түркістан облысының шаруаларына шұғыл түрде күзгі дала жұмыстарына берілетін дизель отынына ағымдағы жылдың 20 мамырына дейінгі мерзімде «Gosagro.kz» сайты арқылы сұраныс берулерін сұрап отыр. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда. жергілікті ауылдық округ әкімшілігіне немесе аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне хабарласуға болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 3340 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 3138 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 16402