Экономика Түркістан облысы бойынша алғашқы жас кәсіпкердің жобасы мақұлданды Редактор 14.05.2023 9695 1 оқу мин Түркістан облысында жастар несиесін алуға ниет білдірген жас кәсіпкерлердің жобаларының алғашқы легі мақұлданды. Солардың бірі — Сауран ауданының 30 жастағы тұрғыны Қанат Маханбетовтың жобасы. Ол жылқы сатып алып, қазақтың ұлттық сусыны қымыз дайындап сатуды жоспарлап отыр. Қанат жобасын арнайы комиссияда қорғап, оң қорытындысын алды. Айта кетейік, бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалында жастардан 204 жоба қабылданып, соның 68-і комиссия қарауына жолданған. Комиссия әзірге 23 жобаны мақұлдады. Түркістан облысында биыл 594 жас кәсіпкерге 2,5 пайызбен 5 миллион теңге несие беріледі деп жоспарланып отыр. Бұған бюджеттен 2 млрд 970 млн теңге бөлінген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 41078 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 59842 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 72192