Экономика Кәсіпорында мақта майынан бөлек күнжара мен кір сабын шығарылады Редактор 14.05.2023 12720 1 оқу мин Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мақта майын өндіру қарқын алып жатыр. Көкарал ауылында орналасқан «Тұлпар май» кәсіпорны өткен жылы іске қосылды. Жобаның жалпы құны — 1,2 млрд теңге. Оның 80 пайызын Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырды. Кәсіпорын тәулігіне 50 тонна шитті мақта өңдей алады. Ал жылына 6 мың тонна шикізат өңдеуге қауқарлы. Зауытта отызға тарта жергілікті тұрғын жұмыс істейді. «Агробизнес» бағдарламасымен берілген несиеге серіктестік басшысы Түркиядан заманауи қондырғы әкелген. Кәсіпорында мақта майынан бөлек күнжара мен кір сабын шығарылады. Мәселен өткен жылы 250 тонна май шығарылса, одан 950 тонна күнжара алынған. Мақта айы аспаздықта кеңінен қолданылады. Мамандардың пікірінше, ол керемет антиоксидант және қартаюдың алдын алады, қан тамыры мен жүрек жұмысына жақсы әсер етеді. Мақта майының құрамындағы май қышқылдары қабынуға қарсы және антигистаминдік қасиеттерге ие, иммунитетке оң әсер етеді. «Өндірістің қуатын он есеге арттырғымыз келеді. Жылына 2 мың тонна май шығармақпыз. Қазақстанның нарығы мақта майына енді үйреніп келе жатыр. Ендігі жылы тоқыма фабрикасын ашу жоспарда бар», — дейді «Тұлпар май» ЖШС-і директоры Төлеген Серікбаев. Бұл — Аграрлық несие корпорациясы Түркістан облысында қаржыландырған алғашқы май өндіретін зауыт. Биыл Корпорацияның облыстық филиалы аймақта 10,4 млрд теңгеге 1300-ден астам жобаны қаржыландырды. Негізінен егіншілікпен айналысатын өңір халқы егін егуге және жиын-терінге несие алады. «Кәсіпорынның мақталы өлкеде орналасуы шикізат құнының және оның жетіспеушілігіне қатысты шығынның төмен болуына ықпалы зор деп санаймын. Мақта майын өндіретін кәсіпорынның іске қосылуы, оның халқы тығыз ауданда орналасуы осы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді», — дейді Аграрлық несие корпорациясы Түркістан облысы филиал директорының орынбасары Азат Мүйтембаев. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 21224 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 149817 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 164882