Экономика Ағын су мәселесі шешімін табуда Редактор 14.05.2023 8457 Түркістан облысына қарасты Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан аумағындағы елді мекендерді аралап, ондағы өзекті мәселелерді шешу бағытында нақты тапсырмаларды жүктеген болатын. Берілген тапсырманы орындау, қажетті шараларды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев бастаған жұмысшы топ Ақтөбе ауылдық округінің Ынтымақ, Ескіқорған ауылдарында болды. Ағын су мәселесі туындаған аймақтарда көзден кешіріп, жергілікті шаруалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Ескіқорған елді мекенінде орналасқан кәсіпкерлік нысандардың сыртқы қасбетін ретке келтіру бойынша қажетті шаралар атқарылуда. — Аудан әкімімен өткен аптаның ішінде ауылдарды аралап, өзекті мәселелерді шешу бағытында жоспар дайындаған болатынбыз. Сол жоспар шеңберінде Ынтымақ елді мекеніне баратын ағын су мәселесін реттке келтірудеміз. Қажетсіз құлақтарды бекітіп, тоғандарды алдырттық. Еліміздің маңызды қақпаларының бірі Б.Қонысбаев кеден бекетінің маңын абаттандыру бағытында жұмыстарды атқарудамыз, — дейді Сүлеймен Нұрланұлы. Айта кетейік, аудан басшысы дербес бөлім басшыларымен бірге елді мекендерді аралап, кезек күттірмейтін мәселелерді шешу үшін шұғыл шара атқаруды тапсырған болатын. Бүгінде аудан әкімінің орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалары бойынша жоспарды орындауды бастап кетті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 2877 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 2822 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 16248