Экономика Бекітілген нақты жоспардың орындалу барысы талқыланды Редактор 15.05.2023 5860 1 оқу мин Б Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен облыс аумағындағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару бойынша кеңейтілген мәжіліс отырысы өтті. Жиында Е.Кенжеханұлы Мемлекет басшысының 2023 жылы республика бойынша пайдаланылмай жатқан 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару бойынша жүктелген нақты тапсырмаларын назарға алып, облыс бойынша жыл соңына дейін 330 мың гектар жер қайтарудың маңыздылығын ортаға салды. Мәжіліс отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының м.у.а. Бауыржан Досжанов сөз алып, ең алдымен космомониторинг жүйесі бойынша жер учаскелеріне жүргізілген түгендеу жұмыстарының ахуалын баяндады. Сондай-ақ, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және ҚР Заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді қайтаруға айрықша басымдық берілгенін жеткізіп, 330 мың гектар жерді қайтару бойынша бекітілген нақты жоспардың орындалу барысына тоқталды. Алқалы жиында облыстық жер қатынастары басқармасының тарапынан жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және 2022 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерін қайта айналымға енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, жыл соңына дейін күтілетін нәтижелер талқыланды. Жер саласындағы келелі мәселелер көтерілген мәжілісті қорытындылаған Ермек Кенжеханұлы аудан, қала әкімдеріне тиісті қатаң бақылау жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеп, облыстық жер қатынастары басқармасына жер есебіндегі жойылып кеткен тұлғалардың, ақпараттық жүйеде тіркелмеген және орналасқан жерлері белгісіз жер учаскелерін қайта айналымға енгізу жұмыстарын ширатуды тапсырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 2613 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 2531 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 15942