Негізінде агроөнеркәсіптік кешенінің, оның ішінде, мал шаруашылығының дамуы эпизоотиялық салауаттылыққа тікелей байланысты. Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы аурулары орын алмайтын аумақтағы жұмыс, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге өз өнімдерін республиканың басқа аймақтарына еркін экспорттауға және оларды шетелге шығаруға мүмкіндік береді. Азық түлік қауіпсіздігі бірінші орында тұруы тиіс. Жергілікті атқарушы органның құзыретіне ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту; басқа мемлекеттік органдармен өзара ісқимыл және заңда көзделген өзге де функциялар кіреді. Соның бастыларының бірі – ерекше бақылауда тұрған, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы іс-шараларды бекітілген жоспарға сәйкес жүргізу болып табылады. Сондықтан да ветеринария саласында жұмыс жасап жүрген жанжардың қызметі қандай құрметіңізге де лайық. Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысы Абдиев Ағабек Сейтханұлы Созақ, Бәйдібек, Шардара және Төлеби аудандық аумақтық инспекция басшыларына 4 жаңа қызметтік автокөліктердің кілттерін салтанатты түрде табыстады. Ветеринария саласындағы міндетімізді тиісті деңгейде атқарып, алдағы уақытта қызметте жақсы жетістіктер мен оң нәтижелерге жетуге өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, Шардара аудандық аумақтық инспекция басшысы Айтмуратов Карим Орынбасаровичті 50 жасқа толған мерей тойымен құттықтап, арнайы «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен марапаттады.