Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ауданда бірқатар іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні ауданда негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша алға ілгерілеушілік бар. Шардара ауданы бойынша жалпы халық саны 84 264 адам,аудан аумағы 1 283,2 мың га құрайды. Ауданның құрамына 1 қала және 10 ауылдық округі, жалпы 25 елді мекен кіреді. Ауданның ұлттық құрамы: қазақтар – 96,8%, өзбектер – 0,2%, орыстар – 2,0% және өзге ұлттар – 1,0%. Жалпы халықтың 49,5 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 46,9 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар жұмыссыздығы 4,1% құрады. 2022 жылдың қорытындысымен жергілікті бюджетке жоспардағы 3 707,2 млн. теңгенің орнына 3 762,6 млн. теңге түсіп, жоспар 101,5% немес 55,4 млн.теңгеге артық орындалған. Бюджет шығысы бойынша жоспардағы 20 839,7 млн. теңгегенің немесе 99,1% игерілді. Ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 135,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,9 млрд теңгеге немесе 104,6%-ға Оның ішінде, ауылшаруашылығы саласының үлесі 46,7%-ды құрап отыр. 2023 жылы жалпы өндірілген өнім көлемін 143,9 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.2022 жылы 17,6 млрд. теңгегенің өнеркәсіп өінімі өндіріліп, 2021 жылмен салыстырғанда 105,1% құрады. Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімін шығарудың нақты көлемінің индексінің үлесін 103,2% жеткізіп, жалпы 19,6 млрд.теңгенің өнімін өндіру жоспарлануда. Өнеркәсіп бойынша өндірілген өнім көлемінің жоспары 4,7 млрд.теңгеге артығымен орындалған. (Жоспар 12,9 млрд.теңге). Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 35,5 млрд.теңгені, НКИ 117,7% құрады. Биылғы жылға бұл көрсеткішті 45,5 млн.теңгеге жеткізу жоспарлануда. 2022-2027 жылдары жалпы құны 40,8 млрд.теңгені құрайтын 23 жобаны іске қосып, 1025 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу қолға алынды. Бүгінгі таңға 4 жоба іске асқан (құны 2,1 млрд.теңге, 163 жұмыс орны ашылды). Жыл соңына дейін құны 3,6 млрд.теңгені құрайтын 6 жоба іске асып, 187 адам жұмыспен қамтылады. 2024-2027 жылдарда қосымша құны 35,1 млрд теңгені құрайтын 13 жоаба жүзеге асырылады (675 жаңа жұмыс орны). Ағымдағы жылы ауданда 57 800 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, мол өнім алынды.Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 60,5 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,2 % құрады. Оның ішінде: мал шаруашылығы 10,1 млрд. теңге, НКИ 97,8%, өсімдік шаруашылығы – 50,0 млрд.теңге, НКИ-103,1 %, балық шаруашылығы, қызметі 0,4 млрд.теңге. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту, жерлерді ұтымды пайдалану, өнімді арттыру, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында Шардара су қоймасынан механикалық әдіспен Жаушықұм алқабының 12192 га жерді суландыру жобасы іске асырылуда. Жоба құны 10,8 млрд. теңге. Бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан 1-2-ші насос станцияларында топырақ қазу жұмыстары мен 3,5 шқ инспекторлық жол салу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 30 техника, 50 адам жұмылдырылған. Жоба толығымен іске асқан жағдайда 12192 га жер айналымға қосылып, 6 мыңға жуық адамға тұрақты жұмыс орындары ашылады. 12 млрд теңгеге жуық ауыл шаруашылығы өнімі өндірілетін болады.